ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде 8 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алғанын хабарлады.
"19.00-де біз Қордай ауданында қақтығысқа 70-тен астам адам қатысқаны туралы хабар алдық. 8 адам қайтыс болды. 40 адам жарақаттанған. ІІМ және Прокуратура оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, қылмыстық істер қозғалды.
Куәгерлер мен арандатушылар оқиғаны түсіріп, әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды күш көрсетуге шақырды. Бұзақылар арматура, тас және суық қару қолданған. Полиция қызметкерлері түрлі жарақат алып, екеуі оққа ұшты.
7 адам ұсталып, олардан екі аңшы мылтығы тартып алынды. Қазіргі таңда жағдай тұрақтанды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізілуде:
- 272-бап. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу.
- 99-бап. Адам өлтіру.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды арандатудан абай болуға шақырды.
"Сіздерді шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамын. Видео не аудио жібергенде, абай болыңыздар. Сіздердің хабарламаларыңыз трагедияға әкелуі мүмкін. Бүгін мессенджерлердегі хабарламаларға байланысты осындай қайғылы оқиға болды. Тұрмыстық қақтығыс ұлтаралық сипатқа қарай бұрылған. Ескі видеолар таралған болуы да мүмкін, біз бұған жол бермеуіміз керек", – деді Дәурен Абаев.
Ол барлық ақпаратты жедел таратуға уәде берді. 8 ақпанда ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев оқиға орнынан мәлімдеме жасайды.
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазір жағдай бақылауға алынғанын айтты.
"Қылмыстық істер қозғалады. Қазір біз тәртіп орнатып жатырмыз. Тексеру барысы туралы барлық ақпарат ІІМ және Бас прокуратура тарапымен хабарланып отырады", – деді ол.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5805
- 1
- 4
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5634
- 3
- 18
-
3⚡️Дмитрий Мун стал вице-министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности
- 2415
- 5
- 90
-
4❓В НИИ онкологии и радиологии Алматы бесплатно проконсультируют жителей
- 2416
- 0
- 7
-
5🤑Размеры двух пособий вырастут в Казахстане в 2025 году
- 2432
- 4
- 16
-
6🌤 Прогноз погоды на 23 ноября: осадков не ожидается на всей территории Казахстана
- 2417
- 0
- 6
-
7⚠️Легковушка столкнулась с маршрутным автобусом на автомагистрали в Караганде
- 2216
- 1
- 17
-
8⭐️Сверхгигант, прячущийся в "коконе": астрономы сделали первый крупный снимок звезды из другой галактики
- 2180
- 1
- 13
-
9⁉️Чем известна Перизат Кайрат, возглавлявшая фонд BizBirgemiz Qazaqstan?
- 2331
- 15
- 42
-
10🇺🇸Как хотят справиться в США с бюрократией: меньше бумажек – больше дела
- 2151
- 1
- 21