
Бүгін Мәжіліс лотерея қызметі туралы заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, енді бірегей лоторея операторымен шарт жасамай, ұтыс ойынын өткізіп, пайда табатындар жауапқа тартылады.
"Әлеуметтік желі арқылы адамдардан ақша жинап, ұтыс ойынын өткізетін жағдайлар жиі кездеседі. Бірінші орын үшін – осынша сома, екінші орын үшін – одан сәл аз ақша беріледі деп хабарланады. Бұл – лотереяның белгілері. Мұндай жағдайда ұйымдастырушыға ескерту жасалып, кейін айыппұл салынады. Егер жай бас киім, ыдыс ойнатса, онда бұл лотерея емес", – деді Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Әнуар Тоқтаров.
Министрлік заңсыз лоторея өткізгендерге келесі мөлшерде айыппұл салуды ұсынды:
- жеке тұлғалар үшін – 200 АЕК;
- шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін – 700 АЕК;
- орта бизнес үшін – 1 000 АЕК;
- ірі бизнес үшін – 2 000 АЕК.
Оқи отырыңыз: Биыл 14 жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы күтілуде
Заңға бағынбағандарды мониторинг жүргізу арқылы анықтау көзделіп отыр. Әзірге бұл жұмысты Қазақстандағы бірегей лоторея операторы – "Сәтті жұлдыз" АҚ жүзеге асырады. Дегенмен, болашақта заңсыздықты тексеруге құзырлы орган өкілдері де жұмылдырылуы мүмкін.
"Былтыр "Сәтті Жұлдыз" заңсыз лотерея өткізген 647 мекен-жайды анықтады. 320 қылмыстық іс қозғалып, ойын өткізген 571 орын жабылды. Сондай-ақ, 10 мыңнан астам құрал тәркіленді және 150 млн теңге айналымнан шығарылды", – деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Айта кетейік, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстанда Үкімет қаулысымен "Сәтті жұлдыз" АҚ 15 жылға лотерея операторы болып белгіленген болатын. Қалған ұйымдастырушылардың қызметі заңсыз болып танылады. Бірегей оператор табысының кем дегенде 10 пайызын қазақстандық спорттың дамуына төлеуі тиіс.
"Біз бұл тәжірибені жаңадан қолға алып жатырмыз, сондықтан жиналған қаражат әлі аз. "Сәтті Жұлдыз" АҚ осы күнге дейін спортты дамытуға 376 млн теңге аударды. Бірақ, жаңа талаптарға сәйкес, лотереядан түскен ақша айналымы едәуір өседі деп ойлаймын, – деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
-
1🇰🇿🇺🇸 Посольство Казахстана призывает соотечественников-нелегалов добровольно покинуть США
-
12286
-
3
-
22
-
-
2🌡Прогноз погоды на 18 апреля: дождь со снегом, ночью мороз ожидаются в Астане и на севере Казахстана
-
2453
-
0
-
3
-
-
3❗️Кадры с тренировок военного парада в Астане показали в Минобороны
-
2394
-
1
-
12
-
-
4❗️Учитель получил пожизненное заключение за изнасилование школьницы в Семее
-
2187
-
3
-
27
-
-
5🌲 Где жители Алматы смогут получить бесплатные саженцы для озеленение дворов
-
2163
-
0
-
4
-
-
6☎️ Президенты Токаев и Путин провели телефонный разговор
-
1977
-
1
-
119
-
-
7⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 17 апреля
-
2217
-
0
-
2
-
-
8🌡Прогноз погоды на 19 апреля: осадки и гололёд ожидаются на севере, востоке и в центре Казахстана
-
2004
-
2
-
3
-
-
9☄️В Семее появился маньяк? В полиции прокомментировали слухи
-
1890
-
0
-
6
-
-
10⚡️"Уверен, вы всегда будете опорой государства и защитниками народа". Президент наградил сотрудников правоохранительных органов
-
1745
-
0
-
24
-