"Келіссең, өтіріктен вирус шықты деп ауруханаға жатқызып қойып, ақша береді екен" деген ел арасында сөз жүр. Бұл бекер емес. "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды".
Індеттің алдын алу шаралары үшін жыл басында республикалық бюджет есебінен 55,9 миллиард теңге қарастырылғанын білеміз. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің үстеме жалақысын есептемегенде, вирус жұқтырған науқастарды қабылап, ем-шарасын жүргізетін ауруханаларға 14,7 миллиард, диагностикалық зерттеулер үшін 5,4 миллиард қаражат бөлінетіні хабарланған болатын. Демек, жоқ науқастың санын көбейту арқылы мемлекет ақшасын әлдекімдер талан-таражға салып жатуы әбден мүмкін.
Оқи отырыңыз: Екіжүзділік пен эгоизм. Карантин кезінде қоғамда не байқадық?
Егер бұл іс осылай астыртын жүріп жатса, онда сол миллиардтар діттеген жеріне жетпей діңкесі құрып, белгілі бір адамдардың қалтасына кетіп жатыр деген сөз. Онда "сендер сенбедіңдер" деп халықты жазғырудың еш қажеті жоқ. Бұдан кейін кім сенеді?!
Жалпы, жемқорлықпен күрес деп әдемілеп айтқанымыз болмаса, күреспей беріліп жүргеніміз ешкімге жасырын емес...
Естеріңізде ме, Алланың ақиқатын айтайын десең, "дінің сол ма, молдаң оқыған құранына ақша алады" дейтіндер болушы еді ғой? Дәл соның желісімен қазір вирустың барына сенбейтіндер де көбейіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
Иә, арамза молда қай заманда да бар. Бірақ дінге ол арқылы баға берудің қандай ақымақтық екенін білсеңіз, онда "күріштің арқасында күрмек су ішеді" дегендей, вирус жағдайын өз мүддесіне пайдаланып кетіп жатқан арамтамақтардың арам әрекетіне қарап вирус жоқ деп арқаны кеңге салуға да болмайтынын ұғыңыз, ағайын! Болса, ондайлардың жазасын Алла береді. Бірақ, вируспен бетпе-бет келсеңіз, мен жоқ екен деп қалыппын дегеніңіз сізді еш құтқара алмайтынын түсініңіз.
Иә, жоғарыдағы жағдайды ескерсек, онда вирус жұқтырғандар саны статистикадан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Ал, індеттің симптомсыз түрі де қатар жайлап жатқанын ескерсек, онда науқастар қатары іс жүзінде әлдеқайда көп болуы да ғажап емес! Қалай болғанда да, ауру санына қарап немесе алып-қашпа сөзге еріп, елдегі ахуалға өзінше баға беріп, қате тұжырым жасамаңыз. Өйткені, қателік соңы қашан да орны толмас өкініштерге әкелетіні әлімсақтан анық.
Ел аман болсын.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5258
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5021
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2816
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2771
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2420
- 1
- 28
-
6⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2451
- 6
- 27
-
7⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2399
- 0
- 15
-
8☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2406
- 0
- 5
-
9🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2567
- 0
- 8
-
10🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2387
- 0
- 11