Тікелей эфир

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңге жәрдемақы алды

Жәрдемақы отбасындағы бала санына қарай төленеді.

2021 жылы қаңтарда 433,6 мың көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы төлемдері жасалса, ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан тағайындалады.

2021 жылы төлем мөлшері бала санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды:

  • 8 балаға – 93 344 теңге;
  • 9 балаға – 105 012 теңге;
  • 10 балаға – 116 680 теңге;
  • 11 балаға – 128 348 теңге;
  • 12 балаға – 140 016 теңге;
  • 13 балаға – 151 684 теңге;
  • 14 балаға – 163 352 теңге;
  • 15 балаға – 175 020 теңге;
  • 16 балаға – 186 688 теңге.

Оқи отырыңыз: 2021 жылдан бастап зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер қаншаға өсті? Түсіндірме


2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде табысына қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын.

Серіктестер жаңалықтары