Қорыту цехында өндіріс процесі уақытша тоқтатылған.
"27 мамырда сағат 08.53-те "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-на қарасты Жезқазған мыс қорыту зауытындағы өрт туралы хабар түсті. Мыс қорыту цехында шамамен аумағы 100 шаршы метр жерде трансформатордың жанатын бөліктері мен төгілген май өртенген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", - деп забарлады Қарағанды төтенше жағдайлар қызметі.
Қорыту цехында өндіріс процесі уақытша тоқтатылған. Өрт сөндіруге Қарағанды Төтенше жағдайлар қызметінің келесі күштері жұмылдырылған: 7 техника, жеке құрамның 26 қызметкері. Сондай-ақ, "Серіктес" ЖШС-нен 13 қызметкер мен 3 техника тартылған.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан өрт ошағына айналды". Біз неге ұлы даланың әлеуетін пайдаланбаймыз?