Алау эстафетасы Фукусима алаңында басталды. Жақын күндері алауды кезекпен 10 мыңға жуық жүгіруші елдің 47 префектурасы арқылы алып өтеді.
"Бұл кішкентай жалын үмітін жоғалтпады және гүлденуге дайын шие бүршігі сияқты осы күнді күтті", – деді Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Сейко Хашимото.
Елдің премьер-министрі Ёсихидэ Суга журналистерді ел үкіметі метрополия билігімен және Халықаралық олимпиада комитетімен бірге олимпиаданы пандемия жағдайында қиындықсыз өткізу үшін қойын-қолтық еңбек етіп жатқанын айтты.
Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарланған еді, бірақ пандемияға байланысты ол 2021 жылдың жазына қалдырылған. "Токио-2020" атауы сақталатын болды.