Тікелей эфир

Жаңа Үкіметтің алғашқы жиналысы 10 минутқа созылды

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
25 ақпанда тағайындалған жаңа үкімет мүшелерінің алғашқы жиналысы бұрынғыдан өзгеше басталды.

Жаңа Премьер-министр Асқар Мамин басқарған жиналыс 09:00-де басталды. Бірақ, небәрі он минутта бітті.

Алдымен министрлер кабинетін таныстырды. Жиналысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтің Ақтөбе облысынан келе алмағанын, келесі жиналыстарға қатысатынын ескертті.

Екінші кезекте ертең өткелі отырған Нұр Отан партиясының кезекті съезі туралы мәлімет берді. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, кейбір қоғамдық мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылданатын жеткізді.

Үшінші кезекте жаңадан тағайындалған министрлер ант берді. Олар: Күләш Шәмшидинова, Роман Скляр, Сапархан Омаров және Руслан Дәленов.


Үкімет мүшелері алдында атн беріп тұрған Роман Скляр

Үкімет мүшелері алдында атн беріп тұрған Роман Скляр / primeminister.kz


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің АНТЫ

Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру деп бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

Тегі, аты, әкесінің аты_____________________

Ант беру аяқталғаннан кейін жиналыс тарады.

Жиналыс кезінде жеке құттықтаулар көп болмады. Шамасы ертеңгі партия съезі мен облыстық тағайындауларға асыққан болар.

Кірер есікте күтіп тұрған журналистер министрлердің амандасқандарына қарап тұрып еді. Бұрыннан бірге істеп келе жатқандар болған соң ба,бір бірлерін құттықтап жатқандары шамалы болды.

Оқи отырыңыздар: Қазақстанда жаңа Үкімет құрылды. 11-ші Министрлер кабинеті қалай өзгерді?


Күләш Шәмшидинова журналитермен министр ретнде алғаш кездесті

Күләш Шәмшидинованың министр ретінде журналистерге интервью беру сәтінен / Сурет informburo.kz


Журналистер жаңа министрлерді көруге асығып тұрғанда Руслан Дәленов шыға келді.

Су жаңа министр де соны күтіп тұрғандай, жауап беруге ыңғайланды.

Коммуналдық төлем қағазын (квитанция) алып келген министр "жақсы министр" болатынын айтты

Министрдің дайындалып келгенін қалтасынан үйінің коммуналдік төлем қағазын (квитанция) алып шығуынан да байқадық.

Алайда, төлем қағазы квитанциядан гөрі дайындап жазып алған кестеге ұқсап қалды.

Коммуналдық тариф туралы журналистердің сөзіне:

– Кеше пошта жәшігімнен үйімнің коммуналдық қызметке төле жасау үшін квитанцияны алдым. Онда коммуналдық тарифтің төмендей бастағаны көрсетілген, – деп жүрналистерге 10% арзандағанын көрсете отырып, суретке түсіріп алуға да мүмкіндік берді.

– Жұмысты неден бастайсыз? – деген сұрағымызға: "9 жыл Қаржы министрлігінде, 2 жыл Ұлттық экономика вице-министрі болғанын айтып, өз тәжірибесін экономикалық жағдайды жақсартуға жұмсайтынын" айтып жауап берді.


Министр алып келген квитанция осы
Министр алып келген квитанция осы / Сурет informburo.kz

Дәленов экономиканың сапалы өсімін қалай қалыптастырмақшы?

Дәленов экономиканы сапаландыруды және салықты оңтайландыруды, көлеңкелі экономиканы тексеруді күшейтететінін айтты:

– Бірінші – экономиканың сапалы өсіміне мән береміз. Егер экономикада сапалы өсім болса, халықтың әл-ауқаты да артады. Осы түпкі мақсатымызды іске асырудың инструменттері бар. Экономиканың сапалы өсімін күшейту және жақсарту үшін кеден, бюджет, салық, инвестиция саясаттарын өзіндік мүмкіндерімізге сай жаңа мақсатқа бағыттаймыз. Біз әр теңгенің орынды жұмсалуын қадағалаймыз, – деді.


Дәленовтың министр ретіндегі алғашқы сұхбаты

Дәленовтың министр ретіндегі алғашқы сұхбаты / Сурет informburo.kz


Екінші – Министр бюжеттік кірісті кепілдендіру үшін салық кодексіне өзгертулер енгізбекші. Сол арқылы көлеңкелі экономиканың тамырын кесуді көздейді екен.

Үшінші – Министр шағын және орта бизнесті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Халық экономиканың өзектілігін сезіне отырып, бизнесін тез әрі тиімді дамыту үшін экономикалық оңтайландырудан пайдаланатын болады.

"Біз қоғамымыздың әр мүшесінің, халықтың әл-қуатының жақсартқымыз келеді. Олар елдің экономикалық өркендеуін сезініп, риза болып жүретіндей болса дейміз" – деді Дәленов.

Журналистер "Жыны келетін" министр туралы сұрады

Дәленовпен сұхбат кезінде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің "Жынымды келтірмеші" деген сөзіне қатысты сауал қойылды. "Сәлем айтып кешірім сұрамай, өзі алдымызға келмей ме" дегендер де болды.

Естеріңізде болса, вице-министр коммуналдық тариф туралы сұрақ қойған журналистке "Жынымды келтірмеңізші! Бұл – бөтен мероприятие ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса, өздеріңіз тұра беріңіздер мында. Мероприятие про малый и средний бизнес, а вы пришли про тарифы спрашивать здесь. Приходите ко мне официально, я вам про тарифы все расскажу от и до. Жынымды келтірмеңізші б…" (сөзбе-сөз – ред) деген болатын.

Бұл кейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң, вице-министр министрліктің баспасөз қызметі арқылы кешірім сұрап, сәлем жолдаған еді.

Баспасөз хатшысы Самал Ибраева фейсбуктегі парақшасына: "Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын" – деп жазған еді.

Серік Жұманғарин 2017 жылдан бері Ұлттық экономика вице-министрі қызметінде.

– Біз бұл мәселені тексердік. Бұдан былай ондай қателіктер жібермейміз, – деді өз жауабында Руслан Дәленов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары