Тікелей эфир

Онлайн зейнетақы калькуляторы. Жинақтан мерзімінен бұрын қанша ақша алатыныңызды есептеңіз

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шеше алатын қаржының жалпы сомасы 1,4 трлн теңге шамасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық 721 мың азамат зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие. Олар:

  • Зейнетақы қорында жинағы бар, жұмыс істеп жүрген азаматтар (жинағы жеткілікті мөлшер шегінен асқан жағдайда) – 529,7 мың адам.
  • БЖЗҚ-да жинағы бар, зейнет жасына жеткен кісілер қордағы қаражатының 50 пайызына дейін пайдалана алады – 178,4 мың адам.
  • Зейнетақылық аннуитетті рәсімдеген және сақтандыру қорына аударғаннан кейін БЖЗҚ-да жинағы қалған азаматтар – шамамен 13,3 мың адам.

Бірінші топқа жататын азаматтар зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын қанша қаражат шешіп алуына болатынын Informburo.kz арнайы әзірлеген төмендегі калькулятордың көмегімен есептей алады. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының сомасын білсе жеткілікті.

10% бір реттік салық төлемі есепке алынған калькулятор

Салық есептелмеген калькулятор (төлемді зейнет жасына жеткен уақытқа шегерген жағдайда)

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын кім және қай мөлшерде мерзімінен бұрын ала алады?

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы БЖЗҚ 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсап не басқарушы компаниялардың иелігіне бере алатынына тоқталып, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Одан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ел азаматтарының зейнетақы қорынан қаражатын мерзімінен бұрын алу шарттарымен таныстырды.

Қор салымшысы зейнетақы шотындағы қаражаттың жеткілікті мөлшер шегінен асатын бөлігін ғана мерзімінен бұрын ала алады. Жеткілікті мөлшер шегі – азамат зейнет жасына дейін жарналарды тұрақты түрде кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінде аударып отырған жағдайда, зейнетке шыққаннан кейін 82 жасқа дейін кемінде ең төменгі зейнетақы мөлшерін алуға мүмкіндік беретін сома. Оның негізгі сипаттамасы:

  • ерлер мен әйелдерге көрсеткіш бірдей белгіленген;
  • жеткілікті мөлшер шегі жыл сайын есептеліп отырады (кіріс көлемі, инфляция деңгейі және ең төменгі төлем мөлшеріне қарай);
  • жеткілікті мөлшер шегі әр жасқа бөлек белгіленеді (20 жастан бастап).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жас ерекшелігіне сай жеткілікті мөлшер шегі туралы ақпаратты жария етті:


"Жеткіліктілік шегі" кестесі

"Жеткіліктілік шегі" кестесі / Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің инфографикасы


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын кімдер мерзімінен бұрын ала алады? Үкімет пен Ұлттық банк ұсыныстары қандай?

Мерзімінен бұрын шешілетін зейнетақы жинағын келесі мақсаттарға жұмсауға болады:

Тұрғын үй мәселесін шешу:
  • жер учаскесін сатып алу;
  • қайталама нарықтан үй алу;
  • ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
  • тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейту.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану / Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің инфографикасы


Емделу. Осы мәселені қадағалау мақсатында денсаулық сақтау басқармалары жанынан арнайы комиссиялар құрылады деп болжанып отыр. Олар ем-дом қажеттілігін айқындайды. Азаматтар емделетін клиниканы таңдаған соң, өзінің өтінішін уәкілетті операторға тапсырады.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы қорын басқару үшін басқа қаржылық компанияларға ауыстыру. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайды.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары