Тікелей эфир

ҰБТ-ға 15-30 сәуір аралығында тіркелуге болады. Екінші мүмкіндік 1 мамырдан соң беріледі

ҰБТ нәтижесі аттестаттағы бағаға еш әсер етпейді.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың facebook желісінде хабарлауы бойынша, түлектер ҰБТ-ға өз еркімен тіркеледі және ешкім де оларға арнайы график әзірлемейді. Ол соңғы уақытта түлектерге тест тапсыру күнін өз еркімен таңдауына тыйым салынғаны туралы шағымдар көбейгенін атап өтті.

"Вице-министрдің төрағалығымен барлық білім басқармалары мен бөлімдері қатысқан жиналыс өтті. Жиналысқа 300-ге жуық адам қатысты. Әріптестеріміздің назарына түлектердің өз еріктерімен ҰБТ-ға тіркелетінін және ешкімнің ешқандай кесте жасай алмайтындығы туралы ақпаратты жеткіздік. Бұл тек ҰБТ өткізу орнына дейін ниет білдірушілерді тегін тасымалдауды ұйымдастырған жағдайда ғана мүмкін болады. Мұның барлығы ерікті түрде жүргізіледі", – деп жазды Дидар Смағұлов.

Ол сондай-ақ, ҰБТ-ға 15-30 сәуір аралығында тіркелуге болатынын, ал  екінші мүмкіндік 1 мамырдан соң берілетінін хабарлады.

ҰБТ – жоғары оқу орнына түсу емтиханы және ол аттестаттағы бағаға еш әсер етпейді.


Оқи отырыңыз: Білім беру грантын тағайындаудағы өзгерістер. Талапкер білуі тиіс негізгі 10 сұраққа жауап


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары