Тікелей эфир

Google, WhatsApp, TikTok. Бағдарламалар тілін қалай қазақшаға ауыстыруға болады?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Смартфонға қазақ тіліндегі пернетақтаны жүктеу жолын да түсіндіреміз,

Қазіргі уақытта ең жиі қолданылатын Google, Яндекс, WhatsApp, TikTok интерфейсінде қазақ тілі бар. Аударма сапасы да жылдан-жылға жақсарып келеді. Дегенмен, Қазақстанда мобильді қосымшаларды қазақ тілінде қолданатындар үлесі аз. 

Сондықтан бұл материалда гаджетті қазақ тілінде қолдануға қажетті кеңестер ұсынуды жөн көрдік. 

№1. Google

Android құрылғысындағы Google қолданбасында:

  1. Android телефонында немесе планшетінде Google қолданбасын ашыңыз;
  2. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы профиль белгішесін, одан кейін баптауларды → Тіл мен аймақты → Іздеу тілін басыңыз;
  3. Қажетті опцияны таңдаңыз.

Android мобильді браузерінде:

  1. Android телефонында немесе планшетінде іздеу баптауларын ашыңыз;
  2. Тіл баптауларын таңдаңыз: Google қызметтерінің тілі опциясы интерфейс элементтерінің тілін, соның ішінде жүйелік хабарлар мен батырма атауларын таңдауға мүмкіндік береді. Іздеу нәтижесінің тілі опциясы арқылы іздеу нәтижелерін қай тілде алғыңыз келетінін таңдауға болады. Жалпы Google интерфейс тіліндегі деректерді іздейді. Егер сізді басқа тілдердегі ақпарат қызықтырса, осы бөлімде ауыстыруға болады.
  3. Сақтау батырмасын басыңыз.

Компьютерде:

  1. Браузердің іздеу баптауларын ашыңыз;
  2. Сол жағындағы Тілдер батырмасын басыңыз;
  3. Тіл баптауларын таңдаңыз: Google өнімдерін қай тілде пайдаланғыңыз келеді? опциясы арқылы Google қызметтерінің интерфейс тілін, соның ішінде жүйелік хабарлар мен батырма атауларын өзгертуге болады. Іздеу нәтижелерін осы тілде көрсету опциясы арқылы іздеу нәтижелерін қай тілде алғыңыз келетінін таңдауға болады. Жалпы Google интерфейс тіліндегі деректерді іздейді. Егер сізді басқа тілдердегі ақпарат қызықтырса, осы бөлімде ауыстыруға болады.
  4. Сақтау батырмасын басыңыз.

iOS құрылғысындағы Google қолданбасында:

Google қолданбасының тілін құрылғы баптауларынан өзгертуге болады. Бұл барлық қолданбалардың интерфейс тілін өзгертеді.

  1. iPhone немесе iPad құрылғысында баптауларды ашыңыз;
  2. Негізгі → Тіл және аймақ → iPhone/iPad тілін басыңыз;
  3. Қажетті опцияны таңдаңыз;
  4. Дайын батырмасын басыңыз.

iOS мобильді браузерінде:

  1. IPhone немесе iPad құрылғысында іздеу параметрлері бетін ашыңыз;
  2. Тіл баптауларын орнатыңыз: Google қызметтерінің тілі опциясы интерфейс элементтерінің тілін, соның ішінде жүйелік хабарлар мен батырма атауларын таңдауға мүмкіндік береді. Іздеу нәтижесінің тілі опциясымен іздеу нәтижелерін қай тілде алғыңыз келетінін таңдауға болады. Жалпы Google интерфейс тіліндегі деректерді іздейді. Егер сізді басқа тілдердегі ақпарат қызықтырса, осы бөлімде ауыстыруға болады.
  3. Сақтау батырмасын басыңыз.

Оқи отырыңыз: "Қазақша үйренгісі келетіндер көп". Орыс жігіт қалай қазақ тілі клубын құрды?


№2. Яндекс

Windows-та:

  1. Негізгі мәзір → Баптаулар → Жүйелік батырмасын басыңыз;
  2. Тіл мен аймақ баптауларын таңдаңыз;
  3. Интерфейс тілі өрісінде тізімнен тілді таңдаңыз;
  4. Егер тізімде қажетті тіл болмаса, Парақшаларды көрсету тілі бөлімінде Тілді қосу батырмасын басыңыз және оны толық тізімінен таңдаңыз.

macOS-та:

Жүйе баптауларындағы интерфейс тілін бір уақытта барлық қосымшалар үшін өзгерте аласыз:

  1. Негізгі мәзір → Жүйелік баптаулар батырмасын басыңыз;
  2. Тіл және аймақты таңдаңыз;
  3. Қолайлы тілдер бөлімінде қажетті тілді тізімнің жоғарғы жағына сүйреңіз. Егер қажетті тіл болмаса, оны тізімге "+" батырмасын шерту арқылы қосыңыз;
  4. Компьютерді қайта жүктеңіз.

Linux-те:

Браузер интерфейсінің тілі жүйе баптаулары арқылы орнатылады және оны өзгертуге болмайды.


Оқи отырыңыз: Трендке айналған сленг. Жастар тілінің шұбарлануынан қазақ тілі қағажу көріп отыр ма?


№3. WhatsApp

WhatsApp iPhone-да 40-тан астам тілде және Android платформасында 60-қа жуық тілде қолжетімді.

Негізінен телефонда қай тіл тұрса, WhatsApp та сол тілде болады. Мысалы, телефоныңыздың тілін испан тіліне ауыстырсаңыз, WhatsApp оған автоматты түрде ауысады.

Телефонның тілін өзгерту үшін:

Android жүйесінде: телефон баптаулары → ЖүйеТіл және енгізуТілдер тармағын ашыңыз. Тілді жоғары жылжыту үшін оны басып тұрыңыз немесе Тіл қосу түймесін басыңыз;

iPhone телефонында: iPhone баптауларыНегізгі мәзірТіл және аймақiPhone тілі тармағын ашыңыз. Қажетті тілді таңдап, осы тілге өзгерту түймесін басыңыз;

KaiOS жүйесінде: қолданба мәзірінде Баптаулар батырмасын басыңыз → жанына қарай жылжытып, Жекешелендіру тармағын таңдаңыз → төмен жылжытып, Тіл түймесін басыңыз → пайдаланғыңыз келетін тілді таңдаңыз → OK немесе таңдау түймесін басыңыз.

Кей елдерде қолжетімді опция:

Егер сіз Android телефонын пайдалансаңыз, WhatsApp тілін тікелей қолданбаның ішінен өзгертуге болады. Қосымшаны жүктегенде сәлемдесу экранында тілді таңдауға болады. Егер WhatsApp-ты пайдаланып жүрген болсаңыз:

  1. Whatsapp-ты ашыңыз;
  2. Қосымша опцияларды таңдаңыз → БаптауларЧаттар Қолданба тілі тармағын басыңыз;
  3. Қажетті тілді таңдаңыз;

Бұл опцияны таба алмасаңыз, еліңізде оған қолдау көрсетілмеген болуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Қазақ тілі қайтсек қажет тіл болады? Сараптама


№4. TikTok

TikTok та телефонда қай тіл тұрса, сол тілде болады. Мысалы, егер телефоныңыздың тілін қазақ тіліне ауыстырсаңыз, TikTok оған автоматты түрде ауысады.

Сонымен қатар интерфейс тілін кез келген уақытта TikTok қолданбасында да өзгертуге болады. Ол үшін:

  1. Төменгі оң жақ бұрыштағы Профиль батырмасын басыңыз;
  2. Параметрлерді ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш жол белгішесін басыңыз;
  3. Параметрлер және құпиялылық түймесін түртіңіз;
  4. Тіл батырмасын басыңыз;
  5. Тізімнен қалаған тілді таңдаңыз.

Оқи отырыңыз: TikTok қазақша сөйлей бастады


№5. Смартфон пернетақтасына қазақ тілін жүктеу

Android телефонында:

Google Play Store қолданбасынан қазақша пернетақта жүктеп алу қажет. Кейін параметрлерге өтіп, Тіл және енгізу бөлімін таңдаңыз. Пернетақта элементінің жанындағы "#" белгісін басыңыз. Енді Енгізу тілдері батырмасын басып, Жаңа пернетақта қосу бөлімінен қазақ тілін таңдай аласыз. 

iPhone телефонында: 

Қазіргі уақытта iPhone құрлығыларында қазақ тілі бар. Тілді пернетақтаға қосу үшін параметрлерге өтіп, ЖалпыПернетақтаПернетақталарЖаңа пернетақта қосу бөлімінен қазақ тілін таңдай аласыз. 

Ал телефоныңыз жаңа операциялық жүйені қолдамаса, App Store-дан қазақша пернетақта жүктеп алу қажет. Кейін параметрлерге өтіп, ЖалпыПернетақтаПернетақталарЖаңа пернетақта қосу бөлімінен қазақ тілін таңдай аласыз. 

Әзірше Telegram және Instagram қолданбаларының интерфейсінде қазақ тілі жоқ. 

Серіктестер жаңалықтары