Тікелей эфир

Туристерге медициналық сақтандыру полисін қалай таңдауға болады? Нұсқаулық

Сурет Netdoctor.cdnds.net сайтынан
Сурет Netdoctor.cdnds.net сайтынан
Қазақстандық туристер бірнеше рет көмек сұрады. Айтуларынша, сақтандыру полисі шығынды өтемейді, кейде сақтандырушы компаниялар ақы төлемейді.

Іnformburo.kz редакциясы елден тысқары жүргендеауырып қалған жағдайда қиналмас үшін туристерге өзін және жақындарын қалай сақтандыруға болатыны туралы зерттеп көрді.

№1. Туристерге медициналық сақтандыру не үшін қажет?

Шетелде ауырып қалған жағдайда кәсіби білікті мамандардың көмегіне жүгіну үшін ғана.

№2. Егер турист шетелге сақтандырусыз барса, медициналық қызметті пайдалана ала ма?

Әрине. Тек қаржыны өз қалтаңыздан төлеуге тура келеді. Ауырып қалып ауруханаға жүгінсеңіз, ТМД елдерінде медициналық қызметтердің бағасы айтарлықтай қымбат емес. Ал, ота жасату арзан емес. Алыс шетелде – Еуропа мен Америкада сақтандырусыз тек бір ғана маманға қаралу үшін жергілікті валютамен қомақты қаражат жұмсауға тура келеді.

№3. Туристерге медициналық сақтандыру полисін алу міндетті ме, әлде ерікті ме?

Кейбір елдерде, мәселен, Шенгенде визаны рәсімдеу кезінде полисті жасатуды талап етеді. Ал, визасы жоқ елдерде турист медициналық сақтандыру полисін алу-алмауды өзі шешеді.

№4. Сақтандыруды сатып алу қажеттілігін кім ескертеді?

Бұл туралы Сізге туристік пакеттерді сатып алған агенттіктегі менеджерлер ескертеді. Егер өз бетіңізбен саяхаттауды жоспарласаңыз, барлық жағдайды жан-жақты есепке алуыңыз керек.

№5. Сақтандыру бағасы неге тәуелді?

Қай елге, қанша күнге баратыныңызға тікелей байланысты. Мысалы, Грузияға екі аптаға алынатын сақтандыру полисі шамамен 5 мың теңге тұрады.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Как туристам правильно выбрать медстраховку? Инструкция

№6. Полистің сомасы қанша болуы керек?

Еуропа одағы елдерінде медициналық сақтандыру келісім-шарты кем дегенде 30 мың еуро тұрады. Туристің қалауы бойынша келісім-шарттағы соманы көбейтуге болады. Егер денсаулық жағдайыңызға байланысты сақтандыру полисіндегі қаражат сіздің шығындарыңызды жаппаса, қалтаңыздан қосымша қаражат шығаруға тура келеді.

№7. Сақтандыру полисіне не кіреді?

  • Қайғылы жағдайлардан сақтандыру;
  • Ауырған жағдайда сақтандыру;

Келісім-шарт ерікті түрде жасалатын болғандықтан сақтандырылатын жағдайлардың тізімі әр түрлі. Көбейген сайын қосымша ақша төлеу керек. Сақтандырылушының еркіне сәйкес шектеулер түзетілуі мүмкін. Мәселен, кейбір сақтандыру компаниялары жүктілікке, мүгедектікке, қауіпті спорт түрлерімен айналысуға байланысты туындаған ауруларды полиске енгізуден бас тартады.

№8. Қазақстанда қанша сақтандыру компаниясы жұмыс істейді?

Қазақстанда шетелге шығатын туристерді ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар сақтандыра алады. Елімізде мұндай 21 компания бар:

  1. "Amanat" СК" АҚ;
  2. "Kompetenz" СК" АҚ;
  3. "АСКО" СК" АҚ;
  4. "Салем" СК" АҚ;
  5. "Виктория" СК" АҚ;
  6. "Евразия" СК" АҚ;
  7. "КК ЗиМС "ИНТЕРТИЧ" АҚ;
  8. "Халык – Казахинстрах" Қазақстан халық банкінің СК" АҚ;
  9. "Казахмыс" СК" АҚ;
  10. "Казкоммерц-Полис" СК" АҚ;
  11. "Коммеск-Өмiр" СК" АҚ;
  12. "Лондон-Алматы" СК" АҚ;
  13. "Нурполис" СК" АҚ;
  14. "Мұнай сақтандыру компаниясы";
  15. "НОМАД Иншуранс" СК" АҚ;
  16. "Сентрас Иншуранс" СК" АҚ;
  17. "Standard" СК" АҚ;
  18. " Архимедес Казахстан Медициналық сақтандыру компаниясы" АҚ;
  19. "Цесна Гарант" СК" АҚ;
  20. "Trust Insurance" СК" АҚ;
  21. "КСЖ "Азия-Life" АҚ.

№9. Сақтандырушылардың сенімді/сенімсіздігіне байланысты жасалған тізімдері бар ма?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елімізде оларға мұндай тізім жасалмаған. ҚР Ұлттық банкінің интернет ресурсындағы "Қаржылық бақылау" бөлімінде сақтандыру компанияларына қатысты уәкілетті органдар қабылдаған санкциялар тізімі бар.

№10. Сақтандыру компанияларын таңдағанда неге назар аудару керек?

Шетелге шығатын ҚР азаматтарына сақтандыру келісім-шарттарын жасау кезінде сақтандырушының ассистанс-компаниясына (шетелде туристерге уақтылы кәсіби көмек көрсететін, әр түрлі жағдайларда делдалдық қызметтерді ұсынатын компаниялар) немесе баратын елде медциналық ассистанс қызметтерін көрсететін заңды тұлғалар туралы мәліметтерге назар аудару керек. Өйткені төтенше жағдай кезінде турист әуелі ассистанс-компанияға қоңырау шалады.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары