Тікелей эфир

Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Informburo.kz пайдалы онлайн контент топтамасын ұсынады.

15 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар уақытының көп бөлігін үйде өткізетіндіктен, көптеген платформалар халыққа онлайн форматта контент ұсына бастады. Бүгін соларды оқырман назарына ұсынамыз.

Өнер саласы

Онлайн-қойылым көремін десеңіз

Бүгін кешкі 20-30-да АРТиШОК театры "Ер Төстік" қойылымын тікелей эфирде сахналайды. Қойылымды мына жерден тегін тамашалауға болады.

"Төтенше жағдай кезінде де жұмысын тоқтатпай, көрерменді қуантқалы отырған ұжымға қаржылай қолдау көрсеткісі келгендер StartTime алаңында шұғыл краудфандинг құрдық", – дейді театрдың басқарушы директоры Анастасия Тарасова.

Оқи отырыңыз: Коронавирус: не үшін дәл қазір әрекет ету керек? Стэнфорд университетінің магистрі Томас Пуэйоның зерттеуі

Домбыра тартуды үйретеді

Домбырашы Рүстем Нүркенов өзінің Facebook парақшасында домбыра тартуды үйрететін онлайн курс бастайтынын хабарлады. Оның айтуынша, қатысушылар курсқа 900 теңге төлеп, нәтижесінде 3 шағын әнді үйреніп шығады.

"Бұл курс домбыраны мүлдем тарта алмайтын 10 – 60 жас аралығындағы жандарға арналады. Курс ұзақтығы – 5 күн. Бес сабақтың әрқайсысы 15-20 минутқа созылады. Егер тікелей эфирге үлгермей қалсаңыз, 48 сағат аралығында қайталап көруге болады", – дейді Рүстем Нүркенов.

Сабақ 20 наурыз – 24 наурыз аралығында өтеді. Басталуы: 11-00. Курсқа тіркелу 19 наурыз күні сағат 20-00-де аяқталады. Тіркелу үшін Рүстем Нүркеновке хабарласу қажет.

Қазақша қойылымдар

Қазіргі уақытта елдегі барлық театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондықтан, театр қойылымдарын "Ел арнаның" YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Бұл жерде Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, елордадағы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және т.б ең үздік спектакльдерінің видеонұсқасы топтастырылған.

Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі

Онлайн-кинотеатрға 1 теңге төлейсіз

Ivi онлайн-кинотеатрында фильмдерді алдағы бір ай көлемінде небәрі 1 теңге төлеп көруге болады. Сайтта уақытша жазылу мерзімі бұрын 14 күн болса, енді 30 күнге ұзартылды. Уақытша жазылу мерзімі 15 cәуірге дейін жалғасады. Қолданушылар сайттан Marvel, Paramount, Universal, Disney жаңа фильмдерін (ішінде қазақша дубляждалғаны да бар), сериалдарды және 80 мыңнан астам фильмдерді қарай алады.

Ivi кинотеатрына уақытша тіркелу үшін мына жерге кіру қажет. Ivi онлайн-кинотеатрының фильмдері мен сериалдары informburo.kz сайтында да бар.

Білім саласы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында қашықтан оқуға көшкен педагогтар мен студенттер пайдалана алатын онлайн платформалар тізімін жазды. Олардың қатарында Google Classroom, MOODLE, Univer, Platonus, Canvas, Zoom және т.б. бар.

Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы тізім:

Барлығы үшін:

1. Coursera – жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.

2. Хан академиясы – коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін.

Оқушылар үшін:

1. Bilim Media Group – 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.

2. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі "Алматыкітап" баспасына тиесілі. Аталған эстониялық жобаға басқа да кітап баспалары қосылады деп күтеміз.

3. iTest – ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды жаттықтырғыш.

4. 100 баллов – оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.

5. NIS Play.

6. STEM академиясы.

7. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы.

8. STEM зерттеу платформасы.

Колледждер үшін:

Atameken Academy

ЖОО үшін:

1. Moodle — курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.

2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана.

3. QAZAQSTAN TARIHY.

4. Қарапайым математика.

5. Blended learning.

Оқи отырыңыз: "Бұл – уақытша дүрбелең!" Президент төтенше жағдайға байланысты үндеу жолдады

Сонымен қатар, "Дарын" онлайн платформасы да мектеп оқушыларының 1 ай тегін білім алуына мүмкіндік жасап отыр. Бұл туралы жоба құрылтайшысы Айбек Қуатбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады:

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің платформа республикадағы барлық мектеп оқушыларына көмектесуге дайын екенін хабарлағымыз келеді. Кәсіп көзі болса да, дәл қазір ақы табудан бұрын, еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсете отырып, келешек ұрпақтың сапалы біліміне қол ұшын беруге дайынбыз".

Daryn.online – Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беретін платформа. Қазіргі таңда мұнда 18 916 оқушы тіркеліп, 4 616 оқушы білім алып жатыр.

EDUS білім беру платформасы – электронды колледж жүйесін жасаушылар да Білім және ғылым министрлігінің қашықтан оқыту жүйесіне көшуін қолдап отыр. Жоба авторлары студенттерге қашықтан білім беретін колледждерге "EDUS электронды колледж" жүйесіне тегін қосылуды ұсынады. Мемлекеттік және жеке колледж ұжымы оқу жылының соңына дейін осы платформада онлайн-сабақ бере алады.

Жүйеге қосылу үшін өтінішті мына жерге жіберу қажет.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Ұлттық аударма бюросы ұсынған тізім:


1. kitap.kz – қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқу және тыңдау мүмкіндігін ұсынатын қазақ тіліндегі онлайн кітапхана. Таңдау ауқымы өте үлкен: 5 000-нан аса кітап, 500-ден аса аудиокітап жүктелген. Сонымен қатар, балаларға арналған пайдалы контент те осында. Бұл онлайн кітапхананың мобильді қосымшалары да бар.

2. openu.kz – қазақ және орыс тілдерінде онлайн-курстарды тегін ұсынатын білім беру платформасы. Порталдағы курс саны 180-ге жуық. Видеолекциялар саны 4 мыңнан асады, жалпы алғандағы ұзақтығы – 80 мың минут.

3. BilimLand – мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беру порталы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабақ бар. Тағы бір артықшылығы, мұғалімдерге арналған мыңнан аса көрнекі құрал ұсынады.

Серіктестер жаңалықтары