Тимур Бекмамбетов "Қожа Насыр" ("Ходжа Насреддин") мультфильмін түсіруді жоспарлап отыр, оның басты кейіпкері фольклорлық кейіпкер – есек болмақ. Режиссердің айтуынша, туынды 2024 жылдың көктемінде шығады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Мемлекеттік қолдау алуға үміткер отандық киноиндустрия көшбасшыларының жобаларын қорғау сәрсенбіде "Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінде өтті.
"Есек – бұл бәріміз. Біз бәріміз осылайша өмір сүреміз, жұмыс істейміз және тұяқ астынан тек шаң ғана көреміз. Ал басымызды көтере алмаймыз. Сондықтан, әрқайсымызға Қожа керек. Біздің әлемімізді басынан аяғына дейін өзгерте алатын және оны еркін ете алатын, бізге жол көрсететін адам керек. Жалпы, мен Қожа Насыр туралы емес, есек туралы фильм түсіруге бел будым", – деді Бекмамбетов.
Оқи отырыңыз: Соңғы 10 жылда қазақстандық прокаттағы ұлттық кино үлесі он есе өскен
Режиссер картинаның шығарылымы 2024 жылдың көктеміне жоспарланғанын айтты. Туындының жалпы бюджеті – 500 миллион рубль болады.
Бұған дейін Бекмамбетов өзінің алғашқы театрлық қойылымын – Ұлттар театрында "Қожа Насыр" ("Ходжа Насреддин") қуыршақ спектаклін ұсынған болатын. Онда кейіпкерлер Евгений Миронов, Константин Хабенский, Виктор Вержбицкий, Игорь Золотовицкий, Чулпан Хаматова, Елизавета Боярская және Инга Оболдинаның дауыстарымен сөйледі.