Қант диабеті – ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қазақстанда диабетпен ауыратын 400 мыңдай адам есепте тұр. Әлем бойынша қант диабетімен күресіп келе жатқан 400 миллион науқас бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тек Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны бір миллионға жетуі мүмкін дейді. Бұл ауру емделмейді, бірақ бақылауда ұстауға болады.
Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып екіге бөлінеді.
Артық салмағы бар немесе қандас туыстары (ата-анасы, туған ағалары мен қарындастары) диабетпен ауырған адамдар 40 жасты күтпей-ақ, скринингтен өтуі керек. Өйткені бірінші дәрежелі туыстықта 2 типті қант диабетінің даму қаупі 40 пайыз.
Қалай анықтайды?
- қандағы глюкоза деңгейін экспресс-тест көмегімен анықтайды, тиісінше, нәтижесін бірден біле аласыз. Бұл ретте, қанды аш қарынға, сондай-ақ, тамақтан кейін кез келген уақытта тапсыруға болады – кездейсоқ өлшегендегі қалыпты мәні - 7,8 ммоль/л кем болуы керек.
- жүктілік кезінде көмірсу алмасуының бұзылуын анықтауға арналған тексеру жеке өткізіледі. Себебі 2 типтегі қант диабеті мен глюкозаға төзімділіктің бұзылуының әдетте клиникалық белгілері болмайды. Сондықтан да, басқа елдерде де, бізде де жүктілік бойынша тіркелу кезінде барлық әйелдерде аш қарынға гликемияны зерттейді. Диабеттің жоғары қаупі барларға – глюкозаға төзімділікке пероральды тестті жасайды.
- оны алмасудың бұзылуы аса жоғары болғанда, яғни жүктіліктің 24-28 апталарында барлық жүкті әйелдерге өтеді. Алдымен аш қарынға қандағы глюкоза деңгейін анықтайды, одан кейін 10-20% ерітіндісінде 75 грамм құрғақ глюкозаны ішуге береді, 2 сағаттан кейін жаңадан қандағы глюкоза деңгейін айқындайды.
- диабетті анықтау немесе растау үшін қолданылатын тағы бір зертханалық тест – бұл гликирленген гемоглобинды анықтау. Егер глюкоза деңгейі нормадан артық болса, онда оның артығы қан жасушаларындағы гемоглобинмен қалыпты жағдайдан гөрі эритроциттермен, көп мөлшерде байланысады. Себебі эритроциттер орташа есеппен 120 күн өмір сүреді, глюкозаны аш қарынға бір реттің өлшеуден гөрі, гликирленген гемоглобин қандағы қант деңгейін жоғары болса ұзақ мерзімде "көруге" мүмкіндік береді. Қант диабетке күдік пайда болғанда, қазіргі уақытта глюкозотолерантты тесті жүргізу ұсынылады, ол аш қарынға қанттың қарапайым талдауан гөрі аса сезімтал. Қант диабеті кезінде жеткіліксіз дәрежеде инсулин өндіріледі, бұл өз кезегінде глюкозаның толық көлемде қайта өңдеудің мүмкінсіздігіне әкеп соғады. Тиісінше, глюкоза деңгейі жоғары болады - 11,1 ммоль/л және одан да жоғары. Дені сау адамда қант 7,8 ммоль/л аспайды.
- көмірсу алмасуының бұзылыстарын анықтайтын тағы бір тәсілі - бұл гликирленген гемоглобинды (немесе гликозилирленген деп те атайды) анықтау. Бұл көрсеткішті қант диабетін диагностикалау, сондай-ақ, бақылау үшін пайдаланады. Мысалы, егер диабеті бар адам диетаны ұстамаса, дәрі-дәрмек қабылдауын өткізсе, онда оның гликирлен гемоглобин көрсеткіштері де жоғары болады.
Алайда, қан құрамындағы қант деңгейі нормадан жоғары болып, бірақ диабетке дейін жетпейтін жағдайлар да болады. Мұндайды "предиабет" деп атады. Қант диабетінің алдын алу үшін диетаны ұстану, тұрақты физикалық жүктемелерді жасау және салмақты бақылау өте маңызды болады.
Сырқатқа шалдығудың негізгі себептері:
- тұқымдық бейімдеушілік.Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.
- экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтсе де бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы.
- ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.
Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарын таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше дерек анықталынды:
Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
- Ауру қатты екпінді басталады;
- Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді;
- Асқынуға бейімді;
- Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.
Қант диабетінің бірінші белгілері: ауыздың құрғауы, қатты шөл, тез несеп шығару (полиурия).
Оқи отырыңыз: Балалардағы коронавирустан кейінгі синдром белгілері қандай?
Аурудың алдын алу
Қант ауруының алдын ала отырып сіз әрі денсаулығыңызды, әсіресе жүрек-тамыр жүйелерін нығайтасыз. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды. Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек.
Алдын алу салауатты өмір салтына өту. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан ассаңыз, сізде артық салмақ немесе сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
Оқи отырыңыз: Кальций тапшылығы әлсіздік пен ас қорыта алмауға себеп. Оның 9 белгісі қандай?
Екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек?
Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтанып, көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеңіз.
Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтану. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі.
Қант пен тұзды пайдаланбау. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.
Өз салмағыңызды қалыпты ұстау. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз.