Назар аударыңыз: төмендегі нұсқаулықты орындау үшін әкімші құқығына ие Windows есептік жазбасын қолдану қажет.
Windows орнатылған компьютер немесе ноутбукке құпия сөзді қалай қоямыз?
Жүйе есептік жазбаны ауыстырған сайын құпия сөз талап ететін болады. Осылайша сіздің бар мәліметіңіз мен құжатыңыз құпия сақталады.
Windows 11 орнатылған компьютерге құпия сөз қою:
- Мәзірге кіріп "Бастау", кейін "Параметрлер" батырмасын басыңыз.
- "Есептік" жазбалар" → "Кіру нұсқалары".
- "Құпия сөз" → "Қосу".
- Құпия сөзді талапқа сай екі мәрте енгізіп, "Ары қарай" батырмасын басыңыз.
Windows 11-ден құпия сөзді қалай алып тастаймыз?
- "Параметрлер" → "Есептік жазбалар" → "Кіру нұсқалары".
- "Құпия сөз" → "Өзгерту".
- Қолданып жүрген құпия сөзіңізді енгізіп, "Ары қарай" батырмасын басыңыз.
- Барлық жолды бос қалдырып, тек "Ары қарай" → "Дайын" батырмаларын басыңыз.
Оқи отырыңыз: Желшешекке қарсы екпе алу дұрыс па? Дәрігер кеңесі
Windows 11-де құпия сөзді ұмытып қалсақ, не істеу керек?
- "Қуаттандыру", кейін Shift батырмасын басып, "Қайта қосуды" таңдаңыз.
- Компьютер қайта қосылғаннан кейін "Іздеу салу мен ақауларды жою" → "Қосымша параметрлер" батырмасын басып, "команда жазатын жолақты" ашыңыз.
- "Команда жазатын жолаққа" келесіні көшіріп, Enter батырмасын басыңыз: C:\windows\system32\utilman.exe C:\windows\system32\utilman2.exe.
- Бұдан кейін "C:\windows\system32\cmd.exe C:\windows\system32\utilman.exe" командасын енгізіп → "Y" → "Enter" басыңыз.
- Команда жазатын жолақты жауып → "Ары қарай".
- "Арнайы мүмкіндіктер" батырмасын басып, "net user" командасын енгізіңіз.
- "Net user" командасын қайталап, өз аккаунтыңыздың атын және жаңа құпия сөзді енгізіңіз. Мысалы, net user akozoriz lifehacker.
- Енді өзіңіздің есептік жазбаңызға жаңа құпия сөзбен кіріңіз.
Оқи отырыңыз: Бөлме гүлдеріне қыс алдында қандай күтім керек? Пайдалы өсімдіктер топтамасы