Жөтелді үйде емдеудің ең тиімді 5 тәсілін ұсынамыз:
Сүт пен бал
Жылы сүтке бал қосып ішу жұтқыншақты жұмсартып, жағымды әсер береді. Сүтті мүмкіндігінше ұйықтар алдында ішкен дұрыс. Сонда тамақ жыбырлағанын азайтып, тыныш демалуға мүмкіндік береді. Ол үшін бір кесе немесе бір стақан сүтке 1-2 қасық бал, сосын бір шымшым ас содасын қосу қажет. Сүтті түсте және кешке ішу жөтелді босатып, қақырықты түсіріп, организмдегі зиянды заттардың сыртқа шығуына әсер етеді.
Көкөніс қолдану
Жөтелді қойдырудың тағы бір әдісі – көкөністерді пайдалану. Ол үшін 1 картоп, 1 алма және 1 пиязды суға салып, қайнату қажет. Картоп пен алманы сол күйінде, ал пиязды аршып салған дұрыс. Сонымен қатар, отты баяу қоюды да ескерген жөн. Екі мәрте қайнатып, суы біраз сарқылғанда оттан аласыз. Дайын болған сұйықтықтан күніне бір шай қасықтан 3-4 рет ұрттап отырсаңыз, жөтелді қойдырады.
Оқи отырыңыз: Тұмау мен ЖРВИ маусымы: Үйде емделу жолдары қандай
Құйрық май жағу
Қойдың құйрық майын ерітіп пайдалану – жөтелге дауа. Ол үшін құйрық майды ысытып, онымен алқым, арқа және екі табанды сылап шығу керек. Сылаған соң мейлінше қымтанып, қалың жамылып демалған дұрыс. Жылы күйінде майдан бір қасық ұрттау да жөтелді кетіруді жылдамдатады. Біраздан соң денеңіз жіпсіп, терлей бастайды. Себебі, құйрық май ішке барған соң қолқаны жібітіп, жанды қинаған жөтел қақырыққа айналады.
Булау әдісі
Жөтел енді басталып келе жатқан кезде дәрігерлер ингаляция жасауды ұсынады. Егер мұндай аппарат болмаған жағдайда қолда бар заттарды да кәдеге жаратуға болады. Мәселен, асүй ыдысына (тостаған не шұңғыл тәрелке) ыстық су құйып, соған қарай еңкейіп, басыңызды сүлгімен қымтап алу керек. Бірнеше рет бумен демалу – жөтелді бусандырады. Егер ингалятор болса, бұл процесс жеңілдей түседі.
Оқи отырыңыз: Астан уланғанда өзіңізге қалай алғашқы көмек көрсетуге болады
Ірі қара бұрыш
Кәдімгі ұсақ емес, ірі, домалақ пішінді қара бұрыштар жөтелді қойдыруға таптырмас ем. Оның 2-3 данасын ауызға салып шайнау керек. Егер оны үш күн қатарынан үзбей, күн сайын бір мәрте қолдансаңыз, жөтеліңіз қайта бастайды. Қара бұрыш кеңірдекті емдеп, тыныс жолдарын ашып, жөтелуге мәжбүр етіп тұрған бактерияларды жояды. Сондай-ақ, қара бұрышты қайнаған сүтке араластырып ішуге де болады.
Оқи отырыңыз:
- Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
- Күзгі жөтел: үйде емделудің тиімді бес тәсілі
- Тұмау және жөтел: Балаға антибиотик беруге бола ма?