Тікелей эфир

"Тойы көп үй", "Жусан иісі". Алматыдағы Мүсірепов театрының мамырдағы репертуары қандай?

Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі
Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі
Биыл – театрдың жетпіс жетінші маусымы.

1946 жылғы 4 шілдеде Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының шымылдығы Алексей Толстойдың "Алтын кілт" пьесасымен түрілді. 1992 жылы Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға жазушының есімі берілді.

Информбюро порталы театрдың жетпіс жетінші маусымындағы мамыр айына арналған репертуарын ұсынады.

Мамыр айының репертуары

Алматыдағы Мүсірепов театрының репертуарынан ойып орын алған, көрермен асыға күтетін қойылым көп. Солардың бірі "Қызыл орамалды шынарым", "Махаббат, қызық мол жылдар" махаббат драмалары үнемі аншлаг болып жатады. Мамыр айында театр бес күн бойы француз жазушысы Антуана де Сент-Экзюперидің атақты "Кішкентай ханзада" шығармасын сахналайды. 

Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі

Гастрольдік сапармен келетін театрлар

3 және 4 мамырда Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Мүсірепов театрының сахнасында "Qora Z" трагикомедиясын сахналайды. Басталуы: сағат 19:00.

  • Театрдың көркемдік жетешісі – Фархад Молдағали, театр директоры – Талғат Есеналиев.
  • Теардың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook.
  • Театр мекенжайы: Алматы, Абылай хан даңғылы, 38.

Касса демалыссыз сағат 10.00-19.00 дейін жұмыс істейді. Телефоны: 271 42 37, 273 22 48. Онлайн билеттер: ticketon.kz сайтында сатылады. Билеттер 600 теңгеден басталады. Ең қымбат билет – 2 мың теңге.


Оқи отырыңыз: Мүсірепов театрының сахнасында – Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы


Жастар театры мамыр айында Алматы қаласына гастрольдік сапармен келеді. Мүсірепов театрында "Шекспирмен үш күн" триптихін қояды:

  • 13 мамыр 19.00-де "Ханзада" ("Гамлет") трагедиясы;
  • 14 мамыр 19.00-де "Ромео мен Жульетта" қасіретті махаббат хикаясы;
  • 15 мамыр 19.00-де "Асауға тұсау" комедиясы.

Театр әдебі

Сырт киімді гардеробқа өткізіп, спектакль бағдарламасымен танысып, тиесілі орынға уақытында отыру үшін театрға қойылым басталғанға дейін кем дегенде 15-20 минут ертерек келген жөн. Кешігіп келген жағдайда бақылаушылар көрсеткен орынға отыруға тура келеді. Антракт кезінде ғана өз орнына ауысуға рұқсат.

Театрдың кешкі қойылымдарына ересектер мен 12 жастан асқан балалар ғана кіре алады.

Бүгінгі күні театрға әйел адамдар ұзын көйлек, ер адамдар смокинг киіп келуі керек деген қағида жоқ. Дегенмен театрға ұқыпты киініп келу керек. Фойеге кіргенде бас киімді шешкен жөн.

Орынға отырар кезде көрерменге жүзіңізді беріп өткен сыпайылықтың белгісі. Ғашық жандарға көрермен залында бастарын түйістіріп отыруына болмайды, бұл арттағы көрерменге қойылымды тамашалауға кедергі келтіреді.

Ертеде әйел адамға театрда тәтті ұсыну салты болған. Дегенмен көрермен залына тәтті немесе тамақпен келуге тыйым салынады. Антракт кезінде театр буфетінде тамақтануға болады.

Қойылым жайлы пікір не ескертпені спектакль барысында дауыстап білдірмеу сұралады.

Серіктестер жаңалықтары