USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Tesla, Zeekr, Changan. 2025 жылы автобрендтер қандай жаңа көліктерін сатылымға шығарады? Информбюро шолуы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Биыл Xiaomi компаниясының екінші автокөлік моделі сатылымға шығады.

Биыл көлік компаниялары жаңа автокөлік модельдері мен жаңартылған нұсқаларын таныстырады. Олардың ішінде электрлі көліктер мен гибрид көліктер басым. Алпауыт брендтер толықтай электрмен жүретін көліктер шығауды қолға алып жатыр. Ал қытайлық концерндер жаңа үлгілерді көптеп шығарып, шетелге экспортталып келеді. Әрі олардың бағасы бәсекелестерінен айтарлықтай арзан. 

Осы орайда Информбюро порталы 2025 жылы сатылымға шығатын көлік маркаларына шолу жасады.

Tesla Model Y

New Tesla Model Y facelift officially arrives with Cybertruck looks and  boost in range | Auto Express

Tesla ресми түрде Model Y Juniper жаңартылған моделін таныстырды. Әлемдегі ең танымал электромобиль біршама жетілдірілген. Дизайны жаңарған, салоны да түрленген, заманауи технологиялар енгізілген. Сыртқы сипаты ғана емес техникалық күші де жақсарған. 2025 жылғы Model Y жылдамырақ, бірақ тыныш жүйткиді. Алдыңғы модельдерге қарағанда жүру қоры ұлғайған.

Жаңарған модельдің ерекшелігі – Cybercab секілді тұмсығында жарықдиодты тұтас сызық пен жекеленген шамдары бар. Бампері Model 3 Highland-қа ұқсайды, бірақ бүйірінде жіңішке ауа тартқышы бар. Cybertruck секілді мұның да қақпағында Tesla белгісі жоқ. Артқы жағында бренд атауы жанып тұратын "моношам" пайда болды. 

Model Y Juniper-дің тұсаукесері АҚШ пен Қытайда бір мезгілде өтті. Бірақ Tesla тек Қытайдағы көліктің техникалық сипаттамасын жариялады. Кроссовердің базалық нұсқасы 62,5 кВт/сағ батареядан қуат алатын 299 ат күшіне ие қозғалтқышпен жүреді. Алғашқы жүздікті 5,3 секундта еңсереді. Жүріс қоры 593 шақырымға жетеді, алдыңғысынан шамамен 40 км-ге ұлғайған.

Қытайда электромобильдің бағасы 263 500 юаньнан (18,85 млн теңге) басталады. Екі моторлы нұсқасы кем дегенде 303 500 юань (21,7 млн теңгеге) тұрады. Интерьері жақсарған және ерекше жапсырмасы бар Launch Series нұсқасы да сатылымға шығады.

Tesla Cybertruck та биыл шығады деп күтіледі. Бұл дизайны ерекше әрі қуатты модель болып отыр.

Tesla Roadster спорт көлігі биыл да өндіріске шығарылуы мүмкін. Бұл көліктің ерекшелігі  жоғары жылдамдық пен әсерлі дизайн болмақ. Оған қоса Tesla-ның соңғы батарея және технологияларымен жабдықталады.

Tesla Semi жүк көлігі де өндіріле бастайды деп күтіледі. Бұл үлкен электрлі жүк көлігі экологиялық таза және экономикалық тұрғыдан нарыққа ықпал етеді.

Zeekr 007 GT

New Zeekr 007 GT has a licence to thrill… but it's nothing to do with James  Bond | Auto Express

Zeekr 2025 жылы бір емес екі ірі кроссоверін және универсал көлігін шығарады. Осылайша Zeekr топтамасы үш жаңа модельмен толықпақ. Zeekr-дің жаңа өнімдері D және E сегментіндегі екі кроссовер болады. Оның бірі қазір жол сынағынан өтіп жатыр. Екі модель де жылдың екінші жартысында саудаға шығады, олар электрлі және гибрид күштік құрылыммен жүреді.

Zeekr 007 GT техникалық сипаттамасы туралы ресми ақпарат жоқ. Сертификаттау барысында ғана мәліметтер жарияланады. Автомобиль биыл II тоқсанда сатыла бастайды.

Өлшемдері – 4864×1900×1445 мм, дөңгелек базасы – 2925 мм. Қосмоторлы көлік 646 аттың күшіне ие. Артқы жетекті көлік 422 ат күшіне ие электромотормен жүреді, ал толық жетекті нұсқаға 224 ат күшін беретін қосымша агрегат орнатылады. Екеуінің максимал жылдамдығы 210 км/сағ құрайды. Батарея сыйымдылығы екі түрлі – 75 (жүріс қоры 650 км дейін) және 100 кВт/сағ (жүріс қоры 825 км дейін). Ең көп дегенде 825 км шақырымды қуатсыз еңсере алады.

Электрокар ұзақ жолға, белсенді демалыс пен жүк тасуға ыңғайлы. Бағасы 210 мың юаньнан (шамамен 15 млн теңге) басталады.

Zeekr гибрид модельдердің арқасында 2025 жылы 320 мың автомобиль сатуды жоспарлап отыр.  

Xiaomi YU7

Xiaomi unveils YU7 electric SUV to take on similar models from Tesla, Li  Auto, Nio in 2025 | South China Morning Post

Xiaomi былтыр жыл соңында YU7 кроссоверін таныстырды. Кейінірек бір моторлы көліктің сипаттамасы жарияланды. 

Базалық машина 320 ат күшіне ие бір қозғалтқышпен және BYD-дің литий-темір-фосфатты аккумуляторымен жабдықталады. Аккумулятордың сыйымдылығы белгісіз, бірақ салмағы әлі жарияланбады, бірақ кроссовердің салмағы 2 тонна 315 кг. Максимум жылдамдығы – 240 км/сағ.

Бір моторлы көліктің өлшемдері – 4999×1996×1608 мм, дөңгелек базасы – 3 метр. Машинаның ұзындығы – 5 метр.

Xiaomi YU7 компанияның Бейжіңдегі зауытында құрастырылады, өндірісі 2025 жылдың жазында басталады. Марка машина бағасын кейінірек жариялайды. Бірақ 250-350 мың юань (17.5-24.5 млн теңге) болуы мүмкін деген болжам бар. Tesla Model Y-ға бәсекелес болмақ.

BMW iX3

BMW iX3 Review 2025 | Top Gear

2025 жылы BMW компаниясы iX3 моделінің жаңартылған нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жаңа модель толық электркөлік болады. Жаңа iX3 заманауи және аэродинамикалық дизайнмен ерекшеленеді, оның ішінде жаңартылған алдыңғы тор және жарықдиодты шамдар бар. Қуаты шамамен 340 ат күшіне тең. Ал M Performance нұсқасы 550 ат күшіне тең қуатқа ие болуы мүмкін.

Жаңа буындағы BMW электромобилінің техникалық сипаттамасы туралы ақпарат көп емес. 800 вольтты архитектура машинаның жүріс қоры 800 км екенін және қуаттау жылдамдығы артқанын білдіреді. iX3 тұсаукесері 2025 жылға жоспарланған.

2025 жылғы BMW M5 моделі өнімділік, технология және дизайнның теңдессіз үйлесімін ұсынады. Жетілдірілген интерьері, заманауи ақпараттық-ойын-сауық жүйесі және қауіпсіздік мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Avatr 06

Новый Avatr 06 показали на официальных изображениях - Китайские автомобили

Changan сынақтан өткізіп жатқан Avatr 06 моделі электрокар және гибрид болады. Электрокардың қозғалтқыш қуаты 598 ат күшіне жетеді. Ал гибрид 1,5 литрлік іштен жанатын мотор және 314 ат күшіне ие электромотормен жүреді.

Avatr-дың алғашқы седаны 06 индексімен саудаға шығады. Көпшілікке көктемде таныстырылады. Бұл модельдің жүріс шамы мен бампер пішіні өзгерген. Өлшемдері – 4855×1960×1450 мм, дөңгелек базасы – 2940 мм.

Электрокардың да, гибридтің де ең жоғары жылдамдығы сағатына 200 километрге жетеді. Ал жүрс қоры туралы нақты ақпарат жоқ. 

Avatr көліктері жақында ТМД елдеріне де ресми келеді. Бағалары белгісіз.

Changan биыл Qiyuan C798 деп аталатын кроссоверді де саудаға шығармақ. Әзірге көліктің техникалық сипаттамасы мен тұсаукесері өтетін күн белгісіз. Модельдің көлеміне қарап артқы қатарда орын көп болатынын аңғаруға болады.

Toyota RAV4

2025 Toyota RAV4 Review, Pricing, and Specs

Toyota компаниясы алты жыл бұрын таныстырылған RAV4 кроссоверінің қазіргі буынына рестайлин жасамақ. Бұл модель көпшіліктің көңілінен шығып, 2025 жылы күзде жаңартылған үлгіде таныстырылмақ. Модельдің оптикасы мен бампері жаңарған. Сыртқы сипатында аса өзгеріс болмаса да, техникалық тұрғыда көп жаңашылдық бар. Инсайдерлердің айтуынша, үш жаңа қозғалтқыш болуы мүмкін. Оның екеуі гибрид 1,5 және 2 литр және олардың бірі қытайлық BYD компаниясымен бірлесе әзірленген. Ал толық Toyota RAV4 электркөлігі кейінірек шығуы мүмкін.

Көліктің ұзындығы – 4,7 метр. Toyota RAV4 сатылым жағынан екі жыл бойы екінші тұр.  

Hyundai Ioniq 9

Hyundai IONIQ 9 | Coming Soon | Hyundai Canada

Жол талғамайтын Hyundai Ioniq 9 электркөлігінің салонында үш қатарлы орындықтары бар. Жеті жолаушы сыяды. Ең ұзаққа жүйткитін түрі 620 шақырым жүре алады. Кореяда осы жарты жылдықта сатыла бастайды. Содан кейін басқа елдерде сатылымға шығады.

Көліктің ұзындығы бес метрден асады. Өлшемдері – 5060×1980×1790 мм, дөңгелек базасы – 3130 мм. Көлік алғашқы жүздікті 5,2 секундта еңсереді.

Бұл модельдің сырт келбеті Hyundai Seven-ге ұқсайды. Алдыңғы бетіндегі пиксельді жарық техникасы мен артқы жағындағы қайық сияқты ерекше дизайны өзгермеген.

Салоны экологиялық таза материалдармен, USB порт, климат-бақылау, тұтас диван және бөлек орындықтармен жабдықталған. Орындықтарды толығымен бүктеуге не бұруға болады. Жүріс қоры 620 шақырымға жететін базалық нұсқа артқы осьтегі 218 ат күшіне ие мотормен жүреді.

Көлікті 350 киловаттық станция болса 10-нан 80 %-ға 24 минутта қуаттауға болады. 

Ford Expedition

2025 Ford Expedition First Look: Introducing the Off-Road Tremor 

2025 Ford Expedition жол талғамайтын көлігі жаңартылған дизайнмен және жаңа технологиялармен жабдықталған. Жаңартылған көлік моделінің көлемі де, сыртқы келбеті де алдыңғы нұсқалардағыдай. 24 дюйм панорамалық дисплей және Android Automotive негізіндегі Digital Experience ақпараттық-ойын-сауық жүйесі бар. Сондай-ақ, BlueCruise қолсыз жүргізу режимі енгізілген. Аталмыш модель 440 ат күшімен тең 3,5 литрлік V6 EcoBoost қозғалтқышымен жабдықталған. 

Ford компаниясы 2030 жылға қарай Еуропада тек электркөліктерін сатуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жету үшін компания бірнеше іштен жану қозғалтқышы бар модельдерді, соның ішінде Fiesta және Focus-ты өндірістен шығарды. Ford 2026 жылға қарай жылына 2 миллион электркөлігін өндіруді көздейді.

Lada Iskra

Названы комплектации и примерная стоимость Lada Iskra — Kolesa.kz ||  Почитать

Lada Iskra-ның базалық нұсқасы 90 ат күшіне ие 8 клапанды мотормен жүреді. Жабдықтар тізімінде екі қауіпсіздік жастығы, 15 дюймдік дөңгелек дискісі, жарықдиодты күндізгі жүріс шамы, электрлі әйнек көтергіш, орталық құлып және жылытуға болатын айна бар. Ал қымбатырақ түрінде кондиционер бар және креслоны жылытуға болады. Ладаның 90 ат күшіне ие нұсқасы 1,3 млн рубль (6,67 млн теңге) тұрса, ал 106 ат күшін беретін 1,6 литрлік мотор мен қытайлық 6 сатылы механика қорабы бар нұсқасы 1,35 млн рубль (6,9 млн теңге) тұрады.

Қымбат нұсқасында 16 дюймдік дөңгелек дискісі, тұманға қарсы шам, бүйірлік эйрбэг, климат-бақылау, медиажүйе орнатады. Алдыңғы әйнекті, рөлді және артқы диванды жылытуға мүмкіндік бар.

Lada Iskra-ның жабдықтар тізімінде диодты жарық техникасы, қосымша динамик және кейбір электронды көмекшілер жоқ. Бұл модель де биыл көктемде шығады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары