Тікелей эфир

Сөз орнына – смайл: Эмодзилар адам эмоциясына қалай әсер етеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Психолог смайлды тым жиі қолдану әңгімелесушіңізді жалықтырып жіберуі мүмкін екенін айтады.

Ғаламтор қарыштап дамып, әңгіме-дүкеннің бәрі мессенджерлерге өткен заманда біз өз сезімдеріміз бен эмоцияларымызды жазып отырғаннан гөрі смайлик түрінде бере салғанды құп көреміз. Алайда бір қарағанда зиянсыз көрінетін смайликтердің қоғамға тигізетін кері әсері де жоқ емес көрінеді. 

Статистика бойынша, ересектердің 33 пайызы мен 18 бен 22 жас аралығындағы жастардың 77 пайызы көбіне хабарлама арқылы сөйлескенді құп көреді.

Біз әңгімелескен кезде әртүрлі қимылдарды қолданамыз, дәл сол сияқты мәтін түріндегі хаттарды осы бір смайликтер толтырады екен. Алайда бұған өзге көзқараспен қарайтын болсақ, смайликтерді шамадан тыс қолдану әртүрлі қиындық тудыруы да ғажап емес. 

Кейбір мамандардың пікірінше, адамдар өз сезімдерін тұншықтырып жатады, алайда бұл түптің түбінде эмоциялық тұрғыда жарылыстың болуына әкеліп соғады. Бұл рас па? Психолог Ольга Третьякова жауап берді. Ол мессенджерлер мен хабарламалар пайда болған кезде біз кез келген ақпаратты жылдам бөлісуге мүмкіндік алғанымызды атап өтті. 

Ольга Третьякова, психолог: 

– Бастапқыда мұның бәрі адамның қарым-қатынасын жеңілдету, әрқашан байланыста болу үшін пайда болған еді, бірақ бірте-бірте, менің ойымша, мессенджерлердегі қарым-қатынас басымдыққа ие болғаны соншалық, біз қазір телефонмен сөйлескеннен немесе жеке кездесуден гөрі хат арқылы жиі сөйлесетін болды болдық. Эмодзилер мен стикерлер пайда болған кезде, олардың міндеті қандай да бір эмоционалды контекст қосу еді, өйткені біз жазған мәтінді әртүрлі дауыс ырғағымен оқуға болады, тек функционалды мәтін біз алатын хабарлама туралы барлық ақпаратты бермейді. 

Біз хабарламалардың бір бөлігін ауызша, ал ақпараттың көп бөлігін интонация, мимика, біз айтатын эмоциялар, біз көрсететін дене тілі кіретін вербалды емес арналар арқылы аламыз. Эмодзи – бұл біз бір-бірімізге көрсететін эмоциялар мен бір-бірімізбен әдеттегі қарым-қатынасты алмастыратын нәрсе. Бірақ, әрине, эмодзилер оны толығымен алмастыра алмайды. 

Егер адам бір эмоционалды күйде болса, ол мәтінді сол күйінде қабылдайды. Депрессия, ренжіту немесе шок сияқты басқа күйде ол мәтінді мүлдем басқаша қабылдайды. Сондықтан, менің ойымша, адамдар үшін мессенджерлерде қандай да бір жолмен түсіну және байланыс қауіпсіздігінің қандай да бір техникасын жасау маңызды.

Менің айтарым – хабарламаны оқып, смайл көрген болсаңыз, оны өзіңізге жасалған шабуыл деп түсінсеңіз немесе қорланып қалған болсаңыз, хабарламаға жауап бермес бұрын өз-өзіңізге келіп алғаныңыз дұрыс. Көңіл-күйіңіз тұрақталғанда, эмоционалды жағдайыңыз реттелгенде хабарламаны қайта оқығаныңыз жөн. 


Психолог, сондай-ақ хабарлама арқылы келген ақпаратты нақтылауға кеңес береді. Өйткені, Т9 жүйесі арқылы адам қате смайл жіберіп қоюы да мүмкін.  

"Егер хабарламада сізге жағымсыз ақпарат жетсе, нақтылау керек. Өйткені, бұл жақта қарым-қатынас толыққанды жүргізілмейді. Қате қорытынды жасауға асықпаңыз. Сондықтан менің ойымша, мессенджер арқылы сөйлескенде өз психологиялық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп, желідегі ақпаратты абайлап оқыңыз. Әсіресе, қазіргі таңда тыныштықты бұзатын хабарламалар өте көп. Егер шынайы өмірде біз адамның өзіне жауап беріп, керек кезінде тоқтам сала алатын болсақ, желіде бұны істеу күрделі", – дейді маман. 

– Смайлдарды қолдану зиянды әдет пе?

– Бұл – қарым-қатынастың жаңа арнасы ғана. Пайда болғанына көп өткен жоқ. Біз, адамдар, тәжірибе жасап, өзімізді қорғаудың жолдарын іздейміз, осы қарым-қатынасқа үйреніп, қорғаныш жүйесін жасап шығамыз. Әр ұрпақтың этикасы әртүрлі. Әр ұрпақ мессенджердегі хабарламаларды әртүрлі қабылдайды. Менің айтарым – алынған ақпаратты жақсылап нақтылау керек. 

– Смайлдар арқылы келесі адамды ашуландыруға бола ма?

– Жай хабарлама, жай смайл адамды ашуландыра алмайды. Алайда соған дейін әртүрлі жағдайлар болса, смайл немесе хабарлама адамды ашуландырып, тіпті, қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары