Тікелей эфир

Наурызды тойлауға дін тыйым сала ма

Наурыз – діни мейрам емес, өйткені ол Қазақстанға ислам діні келгенге дейін тойланған.

Шамамен VIII ғасырдан бастап ислам, ең алдымен, сопылық түрінде қазіргі Қазақстанның аумағына еніп, отырықшы өмір салты басым болған қазіргі Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тарала бастады.

Сонымен бірге тәңіршілдік, несториандық, шаманизм элементтері, сондай-ақ моңғол шапқыншылығы мен көшпелі өмір салтының салдары қазақ халқының өмірі мен дәстүрлеріне әсер етті. ХІХ ғасырдың ең көрнекті қазақ ақыны және ойшылы Абай өз уақытында көктем мерекесі Құрбан айт мұсылман мерекесіне сәйкес келу үшін жазғы уақытқа ауыстырылғанын жазды.

Абай наурыздың қадым заманнан келе жатқан халықтық мейрам екендігін жөнінде былай дейді: "Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы" деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау "хибаги", "хұзағи" деп аталған заманға дейін апарып: "Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін "Ұлыстың ұлы күні" дейді екен", – деп жазады.  

Абайдың бұл жазғанына қарап ғалымдар наурыз мейрамының түп төркінін сонау арғы иран-тұран, Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) заманына дейін апарады. Өйткені түркі жұрты мен парсы қауымының арасындағы байланыс сол кезеңде басталған.


Оқи отырыңыз: Наурыз тарихынан он сұрақ: Тестке жауап беріп, біліміңізді тексеріңіз


Наурыз мейрамына дін өкілдері не дейді?

Ислам діні басқа қауымдарға еліктемеуге шақырады. "Наурыз" сөзінің өзі парсы тілінен шығады. Тарихы терең мереке. Отқа май құю, тәңіршілдік секілді көріністерге тыйым салынады. 

Наурыз көже пісіріледі, дін мен дәстүр байланысып, мешіттерде ауызашар беріледі. 

Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген соң, ауыз бекітіп, ораза ұстаған жандар қайтпек керек? Қазақстан мешіттерінің бәрінде Наурыз мейрамында дастархан жайылады. Ауызашар беріліп, садақа ретінде мыңдаған халыққа ас беріледі. 

Ислам дінінде екі мейрам бар: "Айт" пен "Құрбан айт". Халық ішінде істеліп жатқан іс-әрекет, дәстүрлер, ас беру шариғатқа қарсы шықпаса, ондай жағдайда ислам діні тыйым салмайды. 

Халық бір-бірін қонаққа шақырып, бір-біріне жақсы ниетте болса, ондай жағдайда дәстүрге ешқандай дін тыйым салмайды. 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ислам дінінен басқа діндердің Наурыз мейрамына көзқарасы қандай? Мысалы, Наурыз мейрамы ислам дінін ұстанатын жандардың Ораза ұстауымен де, православие дінінің ауыз бекітуімен (пост) де сәйкес келеді. Алматы рухани семинариясының ректорының міндетін атқарушы, протиерей Евгений Ивановтың пікірінше, мұсылман досына қонаққа барарда өзінің пост ұстағанын ескерткеннің әбестігі жоқ. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары