Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов күзден бастап студенттер мен магистранттардың, докторанттардың шәкіртақысы көбейетінін атап өтті.
"Біз 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат стипендиясының мөлшері 31 мың теңгеден жоғары, магистратурада - 15% - 76 мың теңге болады деп жоспарлап отырмыз", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, тек соңғы екі жылда докторантурада стипендия мөлшері шамамен 82%-ға өсті, дей тұрғанмен қыркүйек айында оның мөлшері қазіргідей 150 мың теңгені емес, 172 мың теңге болады.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі келесі оқу жылында талапкерлерге қанша грант бөлу жоспарланып отырғанын айтты.
"2025 жылға қарай гранттар саны көбейіп, 75 мың орынға жетеді деп жоспарланып отыр. Биылғы жылы гранттар саны 5 мың орынға көбейтіледі, яғни жыл сайын біз бакалавриатқа 51 мың грант бөлетін болсақ, онда биыл 56 мың орын болады", – деді Аймағамбетов.