Тікелей эфир

Сенімхатпен сатылған көліктің салығын кім төлейді? Көлік салығына қатысты 8 маңызды сұраққа жауап

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
2020 жыл үшін көлік салығын төлемегендерге 1 сәуірден бастап өсімпұл есептеледі.

Informburo.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салыққа байланысты ең жиі келіп түсетін сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынады. 

№1. Көлікті сенімхат бойынша сатсам, салықты мен төлеймін бе, әлде автокөліктің нақты пайдаланушысы төлей ме? 

Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші – көлік құралына меншік құқығы тіркелген жеке тұлға. Көлік құралы сізге тиесілі болғандықтан сіз төлеуші болып табыласыз. Нақты пайдаланушы сіздің атыңыздан осы көлік құралына салық төлей алады (жіберілетін төлемде көлік иесінің ЖСН-ң және аты-жөні көрсетілуі қажет).

№2. Kaspi қосымшасында басқалардың салығы туралы хабарлама келсе, не істеу қажет?

Сіздің құрылғыңыздағы мобильді қосымшаны пайдаланып үшінші тұлғаларға салық төленгендіктен, қосымшаны пайдаланушыға ЖСН көрсетілген үшінші тұлғағаның салық сомасы жайлы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай ескертулерді елемеуге және бұл тұлға үшін төлем жасамауға кеңес береді.

№3. Жұбайы күйеуі үшін салық төлей ала ма?

Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып көлік құралына меншік құқығы тіркелген жеке тұлға болып табылады. Бұл жағдайда салық төлеуші – күйеуі, өйткені көлік құралы күйеуіне тиесілі. Десе де жұбайы да жолдасының атынан осы көлік құралына салық төлей алады (жіберілетін төлемде көлік иесінің ЖСН және Т.Ә.Ж көрсетілуі қажет).


Оқи отырыңыз: Көлік салығын төлемегендерге 1 сәуірден бастап өсімпұл есептеледі


№4. Бірнеше жыл бұрын сатылған автокөлікке енді ғана салық салынса, не істеу керек? 

Көлік құралдары салығы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің орталық деректер базасы мәліметтерінің негізінде есептеледі. Егер уәкілетті органның мәліметтері бойынша көлік құралы есепте тұрған жағдайда, салық органдары осындай көлік құралы бойынша салықты есептеуге міндетті. Көлік құралын есептен шығару үшін мамандандырылған ХҚКО немесе ХҚКО жүгіну қажет. Бұл ретте, тіркеу есебінен шығару күніне дейін есептелген берешек пен салық сомасын төлеу қажет.

№5. Ұрлау фактісі бойынша іздеуде тұрған автокөлікке салық төлеу керек пе?

Іздестірудегі көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық органдары ұсынатын қылмыстық іс қозғау фактісін (күнін) растайтын мәліметтер негіз болып табылады.

Мұндай салықты есептеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап тоқтатылады және көлік құралын айдап әкету және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, автокөлік иесі тиісті қылмыстық іс қозғалған күннен бастап іздестіру кезеңінде көлік құралдары салығын төлеуші болып табылмайды.

№6. Жол апатынан кейін жарамай қалған автокөлік үшін көлік салығын төлеу керек пе? 

Иә, салық төленуі керек, әзірге көліктің иесі бар және көлік жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұр. Осындай көлік құралы бойынша салық міндеттемесін орындауды тоқтату үшін оны тіркеу есебінен шығару қажет.


Оқи отырыңыз: Көлік салығы қате есептелсе не істеу керек? Жүргізушілерге керек кеңестер


№7. Сатылған көлікті есептен шығарғанда салық төленсе де, неліктен қарыз бар деген ақпарат келді?

Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі.

Іс жүзінде азаматтар көлік құралын иеленудің соңғы жылы үшін салық төлейтін жағдайлар жиі туындайды, дегенмен іс жүзінде олар алдыңғы кезеңдер үшін қарыздарын өтейді. Осылайша іс жүзінде олар өткен кезеңдер үшін салық берешегін төлейді, ал ағымдағы жылға салық төленбейді. Келесі жылғы көлік құралын есептен шығарғанға дейін оның нақты иелену кезеңі үшін салық сомасы келеді. Қарыз туралы ақпарат алған жағдайда  салық берешегін төлеуіңіз қажет.

№8. 2020 жылы шетелден көлемі 5700 см3 автокөлік әкелініп, есепке қойылды. Салық органында 500 мың теңгеден артық салық сомасы есептелінді. Неліктен салық сомасы мұндай үлкен? 

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ел аумағына әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3 000 см3 асатын жеңіл автомобильдер үшін Салық кодексінің 492-бабы 2-тармағына сәйкес жоғары ставка бойынша есептеледі.

Осылайша, көліктің бастапқы тіркеу күні – 2020 жыл, яғни 2013 жылдың  31 желтоқсанынан кейін, салық сәйкесінше жоғары мөлшерлемемен есептеледі.

Серіктестер жаңалықтары