Оның айтуынша, ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр. Сенат төрағасы жұмысты қашықтан жалғастырады.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Faceebook парақшасында жазды.
"Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын. Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқтығын", – деді ол.
Мәулен Әшімбаев арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайтынын ескертті. Ол халықты барынша қорғануға және індеттің алдын алуға баса мән беруге шақырды.