"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы) қатысу үшін жұмыс орныңыз бойынша сәйкес келуін тексеруге болады.Тұрғын үйге кезегіндегі жеті саланың қызметкерлері қатыса алады. Жалпы 297 пәтер беріледі.
1) Білім беру (51 пәтер: 1 бөлмелі - 14, 2 бөлмелі- 19, 3 бөлмелі -15, 4 бөлмелі - 3);
2) Денсаулық сақтау (57 пәтер: 1 бөлмелі -16, 2 бөлмелі - 22, 3 бөлмелі -16, 4 бөлмелі - 3);
3) Мәдениет (35 пәтер: 1 бөлмелі -10, 2 бөлмелі- 13, 3 бөлмелі -10, 4 бөлмелі - 2);
4) Спорт (41 пәтер:1 бөлмелі -10, 2 бөлмелі - 16, 3 бөлмелі -11, 4 бөлмелі -3);
5) Әлеуметтік қорғау (45 пәтер: 1 бөлмелі - 12, 2 бөлмелі- 17, 3 бөлмелі -13, 4 бөлмелі -3);
6) Полиция департаменті ( 48 пәтер: 1 бөлмелі 14, 2 бөлмелі -18, 3 бөлмелі -13, 4 бөлмелі -3);
7) Төтенше жағдайлар департаменті (20 пәтер: 1 бөлмелі -5, 2 бөлмелі- 8, 3 бөлмелі - 6, 4 бөлмелі -1).
Бағдарламаға қатысуға өтініш беруге құқығы бар мекемелер "Qatysu.zhilfond.kz" порталында және zhilfond.kz сайтында "Мен жұмыс орным бойынша сәйкес келемін бе?" бөлімінде жарияланған.
Жалға алу құны шаршы метріне – 1455 теңге. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін. Жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді.
Оқи отырыңыз: "Алматы жастары" арқылы үй алуға 500 адамға жолдама берілді. Келесі 500 үміткер тізімі бір аптадан соң шығады
Бағдарлама бойынша бастыпқы жарна жоқ.Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тартуға болады.
Орналасқан жері: "Сапа" ТҮ (Косшыгулулы, 7), "Тлендиев" ТҮ(Тлендиев даңғылы), "Шұғыла" ТҮ("Сарыарка" ауданы мен Абая көшесінің қиылысы);
Өтінімдерді қабылдау электронды түрде жүргізіледі, келесі құжаттар керек:
- ЭЦҚ кілті;
- өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.
Отбасыңыздың құрамына қарамастан, кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз. Дегенмен, таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау төлем қабілеттілігіңізге тікелей байланысты.
Мысалы:
Егер сіз, жалпы ауданы - 37 шаршы метр 1 бөлмелі пәтертаңдасаңыз, жалпы төлем - 53 835 теңгені құрайды. Отбасына шамамен алынған табыс - 110 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).
Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:
- Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
- Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан ипотекалық компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚИК жедел желі телефоны).
Өтініштерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.