Тікелей эфир

Сапарбаев: Басты мәселе – өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сурет primeminister.kz сайтынан алынды
Сурет primeminister.kz сайтынан алынды
Қақтығыс кезінде жарақат алған 12 адам медициналық мекемелерге жатқызылған.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бердібек Сапарбаев аруханаға барып, төбелес кезінде жарақат алған тұрғындармен сөйлесті. Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылса, 20 адам бақылауда және емханадан шығаруға әзірленуде.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

5 адам санитариялық авиациямен Алматыға, 1 адам Таразға ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгініп, олардың 84-і тексеруден соң үйлеріне қайтарылған.


Бердібек Сапарбаевтың аудан ақсақалдарымен сөйлесу сәті

Бердібек Сапарбаевтың аудан ақсақалдарымен сөйлесу сәті / Сурет primeminister.kz сайтынан алынды


Бердібек Сапарбаевтың болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрағына Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров:

"Себебі – тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз", – деп жауап берген.

Оқи отырыңыз: Қордай ауданындағы төтенше оқиға кезінде 8 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алды

Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін президент тапсырмасымен Үкімет комиссиясы арнайы келгенін айтып, ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндірулерін сұрады.

"Кінәлілер жазасын тартады. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе өңірдегі тұрақтылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету", деді Бердібек Сапарбаев.

Оқи отырыңыз: "Бейбіт жиындар туралы заң жобасы Конституцияға қайшы". Қоғам белсенділері жаңа құжатқа неге қарсы?

"Жергілікті жерде әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар қабылданады. Облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру, келтірілген залалды бағалау және зардап шеккен меншік нысандарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі", деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары