Тікелей эфир

Samgau бағдарламасы жастар мен жасөспірімдерге қажет дағдыларды үйретеді

Бағдарламаға 10 жастан 19 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатыса алады.

Жастар қызметкерлері қоғамдастығы әлеуметтік инновация мен кәсіпкерлік бойынша жастар мен жасөспірімдердің дағдыларын дамытуға бағытталған SAMGAU (UPSHIFT) жобасын жүзеге асырады.

UPSHIFT – бұл жастардың ең осал тобына ерекше назар аударатын, ЮНИСЕФ және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламасы. Бағдарлама білім берудің жаңа эмпирикалық тәсілін пайдаланып жастар мен жасөспірімдерді жергілікті қауымдастықтарда туындаған мәселелерді анықтауға, зерттеуге және түсінуге және өнімдер немесе қызметтер түріндегі нәтижелі шешімдер жасауға үйретеді.


Оқи отырыңыз: "Бала дауысы" байқауының 6-маусымына іріктеу басталды. Оған 8-12 жас аралығындағы балалар қатысады


Бағдарлама мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік инновациялар, кәсіпкерлік және болашақ мүмкіндіктерді нығайту, жұмыс орындарын құру үшін қажетті дағдыларын дамыту.

Бағдарлама құрылымы:

  • өмірлік дағдыларды дамытуға арналған 1-2 апталық онлайн курс (өмірлік дағдыларды нығайтуға арналған 6 сессия және проблеманы анықтауға және команда құруға арналған 1 сессия);
  • буткамп – онлайн семинар – әлеуметтік инновацялар бойынша семинар (проблемадан инновациялық шешімге дейін);
  • 3 айлық менторлық бағдарлама, оның барысында менторлардың ықпалымен жастар әзірлеген жобалары мен идеяларын іске асыратын болады;
  • қатысушыларды қолдау посты (тренингтер өткізу,қолданыстағы акселарациялық және инкубациялық бағдарламаларға бағыттау және т.с.).

Бағдарлама болашақ мүмкіндіктер мен жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсететін дағдыларды дамытуды ұсынады. Жоба арқылы жастар келесі өмірлік дағдыларды қалыптастырады:

  • Шешім қабылдау дағдылары;
  • Мақсат қою;
  • Уақытты басқару;
  • Сыни тұрғыдан ойлау;
  • Шығармашылық және шығармашылық ойлау;
  • Қарым-қатынас және көшбасшылық қабілеттер;
  • Ынтымақтастық және топтық жұмыс.

Кімдерге арналған: 

  • Бағдарламаның негізгі мақсатты тобы – 10 жастан 19 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер және жастар;
  • Мақсатты топтың басым бөлігі – осал топқа жататын жасөспірімдер, оның ішінде жетімдер, аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар, АҚТҚ және басқа созылмалы аурулармен өмір сүріп жүрген, мүгедектігі бар және т.б.  

Тіркелу:

  • өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын қатысушылардан мына сілтеме арқылы 25 сәуір дейін қабылданады;
  • сұрақтар бойынша + 7 778 249 32 46 нөміріне хабарласу қажет.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары