Құжатта Мәжіліске сайлау кезіндегі саяси партиялардың өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету, сайлау бюллетеніне "бәріне қарсымын" деген нұсқаны қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
"Заң жобасында сондай-ақ өзін-өзі әкімдер сайлауына ұсынуы және саяси партиялардың кандидат ұсынуы қарастырылған", – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚР Конституциялық заңының 42-баптың 2 және 3-тармақтарында: "Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне немесе "Баршаға қарсы" жолының оң жағында орналасқан шаршыда белгi қояды", – деп өзгертілсін делінген.
Заң жобасымен мына жерде таныса аласыз.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда сайлауды қалай әділ өткізуге болады? Сараптама