Тікелей эфир

Қазақстанның Қызыл кітабына жолбарыс, қабылан және керқұлан енгізілді

Қазақстанның Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.

Бүгіннен бастап Қазақстанның Қызыл кітабына жолбарыс, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кірді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, бұған "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізу негіз болды.  

Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады, жылқы отбасының сирек кездесетін өкілдерінің бірі, елде шамамен 10 шақты данасы бар. Ал Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870 -1,3 мың басты құрайды, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары