Режиссер Әділхан Ержановтың үш картинасы фестиваль бағдарламасына енгізілген.
21-ші Орталық және Шығыс Еуропаның goEast кинофестивалі қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмімен ашылады, деп хабарлады zakon.kz.
Шара 2021 жылдың 20-26 сәуірі аралығында онлайн форматта өтеді. Ұйымдастыру комитеті Германиядағы Висбаден қаласында орналасқан.
"Сары мысық" фильмінің бас кейіпкері Кермек есімді жігіт. Ол өткен қылмыстық өмірін мәңгіге артта қалдырғысы келеді және тауда кинотеатр салуды армандайды.