Грузияда түсірілім кезінде актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады.
Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Алматы технологиялық университетінің түлегі. 1999 жылдан Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ актері болды. Ол көрерменге "Фара", "Человек-ветер", "Сказ о розовом зайце", "Рэкетир 2" фильмдері арқылы жақсы таныс.
Фархат Әбдірайымов Ресей Федерациясы "Үздік актер" кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық "Святой Георгий Победоносец" кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған. 2020 жылы "Алтын Адам" сыйлығының "Жыл киножұлдызы" номинациясын иеленген. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.