Қазақстанда мобильді қаржы сервистерімен біріккен алғашқы цифрлық төлем картасы пайда болды. Simply атауына ие картаны Beeline-ның еншілес компаниясы шығарған.
Цифрлық қаржы сервисінің мобильді қосымшасы клиенттің телефон нөмірімен байланысты болады. Бұл әрі электронды әмиян, әрі Visa Platinum премиалды цифрлық карта. Осылайша Beeline компаниясы телекоммуникация және банк қызметтерін бір платформада біріктіріп, өз клиенттеріне инновациялық әрі прогрессивті шешім ұсынып отыр.
"Beeline Қазақстан нарыққа бірегей жаңа буын өнімін ұсыну арқылы мобильді қаржы қызметтердің жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз ТМД-дағы банктік емес ұйымдардың ішінде Visa Platinum картасын шығару құқығын алған, Visa-ға тікелей мүше болған бірінші компаниямыз. Енді біздің клиенттеріміз нақты бір банкке тәуелді болмай, еркін жүре алады. Клиенттік тәжірибені зерттей келе, сондай-ақ нарыққа қажетті инновациялық шешім ұсына отырып, компания өз клиенттеріне үздік өнімдік шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді", – деді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Жаңа цифрлық қызметті қосу үшін клиент өз смартфонына Simply қосымшасын жүктеп, оған телефон нөмірін тіркеп, жеке куәлігін немесе паспортын қолданып, сәйкестендіруден өтуі қажет.
Артықшылықтары:
- Қызметке қосылу, жылдық қызметі және әмиянды ашу – тегін;
- Simply қолданушылары үшін қаражатты салу да пайызсыз;
- Әмияннан Simply әмиянына ақша аудару және Қазақстанда шығарылған банк карталарына да аударымдар комиссиясыз;
- Simply цифрлық картасын қолдана отырып, әр төлемнен 1,5%-дан басталатын бонус беріледі;
- Клиенттерге барынша ыңғайлы болуы үшін Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay цифрлық әмияндарымен интеграция жасалған;
- Байланыссыз төлем жасау барысында клиентке 3% көлемінде бонус түседі;
- Стандартты бонустармен қатар клиенттер 5% және 10% көлемінде жоғары бонустар ала алады;
- Жоғары бонустар нақты санаттағы төлемдерге беріледі (мәселен, Duty Free мен үй жануарларына арналған дүкендерде 10% және маусымдық бонустар 5%).
"Simply – Қазақстан Республикасындағы алғашқы мобильді необанк. Ерекшелігіміз – қарапайымдылық, тиімділік әрі қауіпсіздік. Бізде банктегідей бөлімшелер болмайтындықтан оларға шығын кетпейді. Сондықтан Simply мобильді қосымшасын қолданғаны үшін клиенттерімізге нарықтағы үздік шарттарды ұсына аламыз. Үздік шарттардың ішінде 10 пайызға дейін кэшбек, тіркелгені үшін берілетін сәлемдеме бонустар бар. Бонустарды есептеу мен жұмсаудың бірегей бағдарламасын қолданамыз. Біздің ойымызша, нарықта клиенттен ешқандай комиссия алмай-ақ пайда табуға болады", – деді Beeline Қазақстанның MFS дамыту бойынша директоры Сергей Головань.
Оның сөзінше, Simply-дің әрбір клиентіне Visa Platinum премиалды картасы тегін шығарылады. Аталған карта иелері Қазақстан аумағында да, шетелге шыққанда да танымал брендтердің жеңілдіктерінен бастап, жүкті тегін орау, әуежайда lounge-ға тегін кіруге дейін премиалды артықшылықтарға ие болады. Тек Simply клиенттеріне қолжетімді тағы бір артықтышылық – карта телефон нөмірге тіркеледі. Beeline абоненттері цифрлы карталарын мобильді телефонның теңгерімімен байланыстырып, оны Simply картасымен емін-еркін қолдана алады.
Барлық қызмет қосымшада және чаттарда оператор арқылы көрсетіледі. Клиенттерге қоңырау шалынбайды. PCI DSS халықаралық қауіпсіздік стандартына сәйкестіктің жыл сайынғы аудиті жүргізіледі. Технология электронды коммерция операцияларын растайтын 3D Secure 2.0 жаңа хаттамаларымен жабдықталған. Биометриялық сәйкестендірудің барлық тәсілі қолдданылады.
Simply цифрлық картасы туралы толық ақпаратты https://www.simply.cards/сайтынан алуға болады. Мобильді қосымшаны AppStore және Google Play сервистері арқылы жүктеп алуға болады.