Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев республиканың мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.
"Бүгін мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін", – деп жазды Президент.
Бүгін мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін. pic.twitter.com/5F2ahy56rF
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 23, 2021
Ол сондай-ақ, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады:
"Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!"
Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 23, 2021