USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Мектепті ваучерлік жүйемен қаржыландырғаннан ата-ана не ұтады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
"Қазақстандық қоғамдық даму институтының" бас жоба менеджері ваучерлік қаржыландыру жүйесін жеке орта мектептерге енгізуге қатысты ойын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ваучерлік қаржыландыру жүйесін жеке орта мектептерге енгізуді ұсынды. Бұл тәсіл мектепке дейінгі мекемелерде қолданылып келеді. Осылайша ата-аналар балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік алды.

Әрі әлеуметтанушы, әрі ана ретінде ваучерлік жүйенің қалай жүзеге асатыны мен үшін маңызды. Себебі осыған дейінгі жүйе ыңғайсыз болған еді. Бала дүниеге келген күннен бастап кезекке тұру, әсіресе Астана, Алматы сияқты үлкен қалаларда баланың болашақтағы әлеуметтену ортасы балабақшаны ойлау деген сөз еді.

Астана қаласының мысалында түсіндірсем, кезек жылдап әрең қозғалады. Жазда орын алмаса, оқу жылының басқа айларында жүйедегі бос орындар көп жағдайда тек басымдылығы бар балаларға тиесілі. Ал қалған балаларға қаланың шет аудандарынан ғана бос орындар қалады.

Мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығы, қолжетімсіздігі мен жеке балабақшалардың көп жағдайда ұсыныстары ата-ана көңілінен шыға қоймайтын еді. Амал жоқтан не сол ұсыныспен келіседі не кезек күтіп баламен бірге үйде отырады. Бұл жұмыссыз адам санының артуы, мемлекет үшін бір жұмысшыға кемуі деген сөз. Айта кетерлік жайт, барлық ата-ананың балаға қарап, алаңсыз кезек күтіп отыруға мүмкіндігі жоқ.

Мемлекеттің балаларға назар аударуы, балалық шақтың сапасын көтеру жақсы үдеріс. Ваучер жүйесі мемлекеттік қаржыны жалпылама емес, нүктелі түрде береді. Ата-анаға таңдау берілді, енді ішкі миграцияға немесе жеке қалауларына байланысты балабақша ауыстырғанда жүйедегі тізімнің соңына кетпей, бірден басқа балабақшаға ауыса алу мүмкіндігі бар.

Ваучерлік жүйенің тағы бір оң жағы – ата-ана мен мемлекеттік ұсыныс арасында "көмекшілердің" болмауы. Ата-ана тікелей жүйеде өзі ваучер ала алады. Меніңше, қай ауданда тағы да балабақша керек немесе қай балабақшада орындар қалып жатқаны енді ашық түрде көрінеді.

"Көш жүре түзеледі" демекші, жүйеде енді қандай да бір ақаулықтар болса немесе өзгертулер қажет болса ата-аналар тарапынан айтылуға тиіс және бұл жерде мемлекет тарапынан ести білумен қатар мәселені шешу маңызды.

Ваучерлік жүйені орта білім беру деңгейінде енгізу жақсы ұсыныс деп ойлаймын. Ата-ана көп жағдайда үйге жақын мектепті таңдайды. Баласын басқа ауданда орналасқан немесе басқа салаға негізделген мектептерге берейін десе де ол мектептер алмайтын жағдайлар көп. Яғни ваучерлік жүйені мектепке енгізсе ата-ана таңдауы өзінде қалады. Тұрғылықты жерге тиесілі ғана емес, басқа да аудандардағы жеке мектептерді қарастыра алады.

Ваучер жүйесінің кемшілігін де атап өту керек. Ваучерді қолдануға бес күн ғана беріледі. Бес күнде ата-ана ваучерге кезек келгенін білмей қалуы да мүмкін. СМС-хабарлама ретінде ақпарат берсе деген ұсынысым бар. Ата-ана бес күн ішінде ваучерді қолданбаса қайтадан тізімнің соңына жылжиды.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары