Тікелей эфир

Ораза 2024: Дәрігер кімдерге ауыз бекітпеуге кеңес береді

Биыл Рамазан айының бірінші күні 11 наурызға тура келеді.

Гастроэнтеролог Нұржамал Дегенбаева ораза ұстауға дайындалып жүрген қазақстандықтарға кеңес берді. Дәрігердің айтуынша, ауыз бекітпес бұрын жалпы және биохимиялық тексеруден өту маңызды. 

"Асқазан-ішек жолы ауырса, ФГДС өтіп, ішастар қуысына УДЗ жасатқан абзал. Бұл қандай да бір аурудың асқынбағанына көз жеткізу үшін қажет. Мұнымен қатар, оразаға дайындықты Рамазан айынан 2-3 апта бұрын бастап, дұрыс тамақтануды қолға алған пайдалы. Ораза кезінде асқазанға салмақ түспеуі үшін рационға жеміс, көкөніс және жаңғақтарды көбірек қосу қажет болады", – деді гастроэнтеролог. 

Сондай-ақ, Нұржамал Дегенбаева келесі адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. 

"Жүрек талмасына ұшыраған, қан қысымы жоғары және ішек жолымен байланысты аурулары бар адамдардың ораза ұстамағаны жақсы", – деді Нұржамал Дегенбаева. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері


Ораза кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?

Дәрігерлер ораза кезінде физикалық белсенділіктен қорықпауға шақырады. Десе де ауыз бекіткендерге таңертең жеңіл қозғалыстармен шектелуге кеңес береді. Мысалы, жүгіру, созылу, жаттығулар, планка жасау, тартылу және жерден көтерілу.
Бір-екі сағат сайынғы жеңіл жүктемелердің міндеті – қан ағымын белсендіру, бұлшық еттерді (әсіресе аяқтың) қосып, жүректен жүктемені түсіру және миға оттегінің жетуіне әсер ету.

"Бұл ойды айқындап, эмоционалды оянуды күшейтеді. Нәтижесінде жинаған күшіңіз 14.00-ге дейін сақталады. Содан кейін, мысалы, түскі үзіліс кезінде кем дегенде 20-40 минут ұйықтап алыңыз. Ұйқы мидың жаңадан іске қосылуына мүмкіндік береді және кешке және ұйқы келесі таңға дейінгі қуат іспетті", – деп жазылған umma.kz сайтында.

Серіктестер жаңалықтары