Тікелей эфир

Маусымдық жұмыс: Қазақстанда жазда қосымша жұмыс қалай табуға болады

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қосымша жұмыс істеп, сағатына орта есеппен 2-5 мың теңге табуға болады.

Жаз қосымша жұмыс істеп, ақша табуға таптырмас уақыт. Себебі жазда көп адам еңбек демалысына шығады, күн де жылы әрі студенттер оқу жылы біткен соң жұмыс істеуге уақыт табады. Осы орайда Информбюро порталы жаз мезгілінде қандай қосымша немесе уақытша жұмыстар сұранысқа ие екенін және қайдан табуға болатынын түсіндіреді.

Бір сағатқа мастер шақыру

Сіз пәтерді сапалы жөндеу жасап, резеткі жөндей аласыз ба немесе бала баға аласыз ба? Қабілеттеріңіз бен таланттарыңыз қандай болса да, inDrive.Мастер сервисінде қосымша жұмыс таба аласыз. Сервисте маманның анкетасын толтырып, қызметіңізге сәйкес тапсырыстарға жауап бере аласыз. Тұрғындар қажет ететін қызметтер де көрсетіледі. Соларға жауап беріп, өзіңізге ыңғайлы уақытта іске кірісуге болады.

Мысалы, сервисті пайдаланушылар арасында кілемді химиялық тазалау, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық техниканы жөндеу, репетитор қызметі, аккумуляторды қуаттау, картина ілу, құлыпты жөндеу, ғимаратты не ауланы тазалау, сантехниканы орнату және басқа да қызметтер сұранысқа ие.

inDrive.Мастер қызметі шұғыл жұмыс табуға таптырмас платформа. Оны inDrive қосымшасынан таба аласыз. 2023 жылы “мастер” қызметі 600 мыңнан астам адамның өмірін айтарлықтай жеңілдетіп, мыңдаған адамдарға қосымша табыс табуға мүмкіндік берді.

Мастерлер сағатына орта есеппен 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін табыс табады. Бірақ бұдан да көп болуы мүмкін. Мастердің табысы қолынан келетін дағдылары мен клиенттің сұрауына байланысты. Негізгі жұмысыңыз бітіп, қол босағанда тапсырыстар қабылдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта қосымша ақша таба аласыз.  

Тамақтану саласында жұмыс

Қоғамдық тамақтану орындарында әсіресе жастар көп жұмыс істейді. Өйткені оларға толық емес жұмыс кестесі ыңғайлы. Жазда көп адам еңбек демалысын алады, сәйкесінше демалу, көңіл көтеру орындарына сұраныс арта түседі. Жазда кез келген қалада не туристік орындарда асхана, кафе, мейрамханадан жұмыс таба аласыз.

Даяшы бір күнде 5-15 мың теңге табуы мүмкін. Жұмыс ауысымы 8 сағаттық немесе 14 сағаттық болуы мүмкін. Даяшының жалақысы неғұрлым көп болса, оған қойылатын талаптар да соғұрлым жоғары болады.

Бармен ретінде де қосымша жұмыс істей аласыз. Бірақ бармен болып 1-2 күн жұмыс істеп кете аламын дей алмайсыз, өйткенң барға жауапты адам боласыз. Бардағы барлық затқа, сусындар мен ыдыстарға жауап бересіз. Бармендердің орташа айлық жалақысы – 250 мың теңге.

Бариста –  ақша табудың тағы бір жолы. Ірі қалаларда кофехана желілері жылдам қарқынмен дамып жатыр, сондықтан баристалар әрдайым қажет болады. Мысалы, Астанада көптеген кофехана жұмыс тәжірибесі жоқ баристаны жұмысқа ала береді. Кофе қайнатуды өздері үйретеді. Мұндай болса сағатына 750 теңгеден 1000 теңгеге дейін төленеді. Тәжірибеңіз болса бір ауысымына 10 мың теңгеден жоғары ақша ала аласыз.

Ойын-сауық саласындағы жұмыс

Жас болсаңыз, күшіңіз тасып тұрса, өзгелерге қуаныш сыйлағанды жақсы көрсеңіз онда ойын-сауық саласында жұмыс істеп көріңіз. Аниматор немесе аттракциондар паркінің қызметкері ретінде өзіңізді байқап көріңіз. Бұл ешқашан жалықтырмайтын жұмыс.

Ойын-сауық паркінде немесе аниматор болып жұмыс істеу сізге болашақ жұмыстарыңызда көмектесетін бірегей тәжірибелер береді. Сіз іс-шараларды ұйымдастыруды, балалармен және ересектермен жұмыс істеуді және ұйымдастыру мәселелерін шешуді үйренесіз.

Жазғы лагерь кеңесшісі ретінде толық емес жұмыс күні студенттерге қолайлы болуы мүмкін. Бұл әрекет сізге көптеген таныстар, ұмытылмас әсерлер мен естеліктер әкелетіні сөзсіз, бірақ бұл жұмыс сізге сеніп тапсырылған балалар үшін жауапкершілікті де қамтитынын ұмытпаңыз. Кеңесшілерге арналған жұмыс туралы хабарландырулар көбінесе 100-ден 150 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Шығармашылық адамдарға арналған жұмыс

Оқу бітірсеңіз не болмаса журналистика не филология факультетінде оқып жатсаңыз, бос уақытыңызда копирайтер болып жұмыс жасай аласыз. Тапсырысқа мәтін жазу ақша табуға ғана емес, сонымен қатар дағдыларыңызды жетілдіруге, жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларының жазда демалысқа шығатынын ескерсек, бұл уақытта репетиторлық қызметке сұраныс артады. Біліміңіз болса, әрі төзімді  болсаңыз онда өзгелерге білгеніңізді үйрету арқылы ақша таба аласыз. леді. Кеңсеге бармай-ақ та кез келген жерде отырып онлайн сабақ берсеңіз болады. Уақытыңызды да, ақшаңызды да үнемдейсіз.

"Жасыл ел"

"Жасыл ел" – жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған негізгі мемлекеттік бағдарламалардың бірі. Студенттер мен жастар жазда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысып, қоғамға пайдасын тигізе алады. Сондай-ақ, өңірлік жастар ресурстық орталықтарына барып жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

"Жасыл ел" бағдарламасына қатысатын жастар жасыл аймақтар мен қалалар, елді мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысады. Елді мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалап, суғарып, әктеп, көріктендіреді.

Бүгінде "Жасыл ел" республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды.

Еңбек маусымына 2024 ж. 1 маусым жағдайы бойынша 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар қатыса алады.

Дегенмен "Жасыл ел" бағдарламасына тіркелу өтіп кетті. Еңбек маусымына қатысу үшін жастар қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарына барып, мына құжаттарды тіркеу қажет:

  • қатысушының еңбек маусымына қатысуға өтінімі (тапсыру кезінде қолдан толтырылды);
  • өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе (өтініш беруші 16 жасқа толмаған болса) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың жастардың еңбек жасақтарына жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсаты (өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса);
  • қатысушының жеке банктік шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).

Жұмысты қайдан іздеп табуға болады?

inDrive.мастера: inDrive сервисінің ішіндегі кез келген күнделікті ситуацияда көмек көрсетуге арналған қызмет. 

HeadHunter.kz: Қазақстандағы жұмыс іздеуге арналған ең ірі сайттардың бірі. Мұнда қосымша жұмысқа қатысты көптеген хабарландыру таба аласыз.

Rabota.nur.kz: бос жұмыс орындары көп, соның ішінде қосымша жұмыс табуға болатын танымал платформа.

OLX.kz: Жеке тұлғалар мен компаниялардың хабарландырулары жарияланады. Дегенмен сервисті қолданғанда алаяқтардан абай болыңыз. Жұмыс беруші туралы ақпаратты тексеріңіз. 

LinkedIn: компаниялар мен рекрутерлер ұсынатын жұмыс орындарын таба алатын кәсіби желі.

Kwork.kz: копирайтинг, дизайн, бағдарламалау және басқа да саладағы тапсырыстар табуға болатын фрилансерлерге арналған қазақстандық платформа.

Freelance.kz: уақытша жұмыс пен жобаларды табуға арналған ресурс.

Upwork и Freelancer: шетелдік тапсырыс берушілердің жобаларын табуға болатын халықаралық платформалар.

Керек кеңес

Жұмыс іздеген кезде жұмыс берушілер туралы ақпаратты тексеріңіз. Telegram-да ғана байланысу мүмкін болса, онда оған күмәнмен қараңыз, өйткені олар алаяқтар болуы мүмкін.

Оңай жұмысқа тым көп ақша ұсынатын жұмыс берушілерден сақ болыңыз. Уәде еткен жұмыс жағдайларын тексеріңіз. Тым мінсіз болып көрінсе, олар сізді алдауы мүмкін.

Ең бастысы, жеке мәліметтерді, яғни ЖСН, жеке куәлік нөмірі және банк деректемелерін ешкімге бермеңіз. Тексерілген платформаларды пайдаланыңыз, ақпаратты мұқият тексеріңіз және тәжірибесі мол адамдардан кеңес сұраңыз.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары