Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ревматолог дәрігер Майса Байұзаққызы Қалықова Informburo порталына буын ауруларының туындау себебі, әсер ететін факторлар және емделу жолы туралы баяндады.
– Ревматологиялық аурулар неден туындайды?
– Аутоиммунды сырқаттар иммундық жүйенің жұмысының бұзылуымен байланысты болатын аурулар қатарына жатады. Патологияның себебі: иммунитеттің шамадан тыс белсенділігінде жатыр, ол дене жасушаларын бөтен деп санайды және оларды жоя бастайды. Негізгі себебі белгісіз, бірақ ревматикалық аурудың даму қаупін арттыратын факторлар бар. Олар: бала туу жасы, генетикалық бейімділік, физикалық және эмоционалды күйзелістер, вирустық инфекциялар, шылым шегу.
– Бұл ауруға көбінесе кімдер бейім келеді?
– Әйелдер ерлерге қарағанда бұл ауруға екі есе көп шалдығады, сондықтан бұл гендерлік ауру. Жағдайлардың басым көпшілігінде ауру жүктілік кезінде және босанғаннан кейін пайда болады. Көбінесе аутоиммунды процесс 15-30 жаста басталады, ал ең қарқынды және белсенді кезеңдер 30-40 жаста болады. Алайда тек егде жастағы адамдарда пайда болатын кейбір аутоиммунды аурулар бар, мысалы, полимиозит, ревматикалық полимиалгия және басқалар.
– Буын ауруларына шалдыққан адамдарға қандай кеңес бересіз?
– Егер сізге ревматолог буын ауруы диагнозын қойған болса, міндетті түрде негізгі базисті емді алу керек. Емді өз бетімен жүргізуге болмайды. Сонымен қатар егер инфекция болса, міндетті түрде емдеу керек.
– Керісінше аурудың алдын алу үшін не істеуге болады?
– Рецидивтің алдын-алу – бұл барлық медициналық ұсынысты орындау және тамақтануды, өмір салтын дұрыс ұйымдастыру, жаман әдеттерден бас тарту. Буын ауруларының нақты профилактикасы жоқ. Бірақ тәуекелдерді азайту үшін барлық вирустық, бактериялық инфекцияларды, ЖРВИ-ны толығымен емдеу керек. Дұрыс тамақтануды реттеп, дене салмағын қалыпқа келтіріп, күйзелісті жеңіл өткеруді үйренген артық болмайды. Қолжетімді физикалық белсенділік, қалыпты, тұрақты спорттық жүктеме өте пайдалы.
Оқи отырыңыз: Жазда қан қысымы неге төмен болады? Кардиологпен сұхбат
– Ағзада қандай белгілер болған кезде ревматолог маманның көмегіне жүгінеміз?
– Егер ревматолог мамандар тірек-қимыл жүйесінің 200-ден астам ауруын емдесе, олардың белгілері өте көп екендігі таңқаларлық емес. Егер сіз өзіңізде төмендегі белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге бару керек: оянғаннан кейін буындардағы ауырсыну және құрысу сезімі; буынның ісінуі, оның көлемінің ұлғаюы; мойын, төменгі арқа және басқа буындардағы тұрақты ауырсыну және қозғалысты шектеу, тамақтың жиі ауруы және басқа вирустық аурулар; ешқандай себепсіз температураның ұзақ уақыт көтерілуі; қатты салмақ жоғалту. Бірқатар ревматологиялық патологиялар – "нағыз хамелеондар" және олардың белгілері мүлдем басқа ауруларға ұқсауы мүмкін. Тиісті диагноз қоюға және емдеу курсын тағайындауға мүмкіндік беретін мұқият бақылау қажет.
– Науқас дәрігердің қабылдауына өзімен бірге қандай анализдер нәтижесін ала келгені жақсы?
– Ревматологқа барған кезде, бірінші қабылдауда анализ қажет емес, өйткені қандай тексерулер қажет екенін науқасты қарағаннан соң белгілі болады.
– Артрит пен артроздың айырмашылығы қандай?
– Артроз – буынның оңай қозғалуына мүмкіндік беретін буын капсуласының деформациясы мен үйкелуі. Ауру құрылымдық өзгерістерге, шеміршектің зақымдалуына және оның тіндерінің бұзылуына әкеледі. Әдетте артроз – 45-50 жастан кейін пайда болады және дененің табиғи қартаю процесінің нәтижесі. 60 жастан асқан қарт адамдарда ауру 80% жағдайда аяқтарындағы ауырсынуға шағымданады. Артрит кезінде ауырсынудың артроздан айырмашылығы – қозғалыс кезінде азаяды, тыныштықта созылмалы болады. Көбінесе ауырсыну түнде немесе таңертең, демалыс кезінде күшейеді; буындар ісінеді, ісіну, ауыратын пальпация бар; буын аймағы қызыл және ыстық болады; қан анализінде қабыну реакциясы байқалады; бүкіл денеде құрысу сезімі болады.
Оқи отырыңыз: №9 диета деген не және қант диабетінен қалай сақтанған дұрыс? Эндокринолог кеңестері
– Буындар мен сүйектер қалпында болуы үшін ағзаға қандай дәрумендер қажет?
– Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектерден және оларды байланыстыратын анатомиялық құрылымдардан тұрады. Сүйек тіндерінің негізгі құрылыс элементі кальций болып табылады. Буындар біздің денеміздің қозғалғыштығын қамтамасыз етеді және көрші сүйектердің буын беттерін жабатын шеміршек тінінен тұрады. Шеміршек тінінің негізгі компоненті – коллаген. Буын қуыстары синовиальды сұйықтықпен толтырылған, оны қалыптастыру үшін коллаген және гликозаминогликандар қажет. Тірек-қимыл жүйесінің денсаулығын қолдайтын ең маңызды микроэлементтер мен дәрумендерге сүйек түзілуіне және бұлшықет аппаратының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қатысатын кальций және кальцийдің сіңуін тездетуге көмектесетін фосфор жатады. Қандай да болмасын дәрумен ішу үшін, алдымен анализ тапсырып, жеткіліксіздігіне көз жеткізу керек.