Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша ересектердің 30 пайызға жуығы қалқанша безімен байланысты әртүрлі аурудан зардап шегеді. Бұл аурулар без қызметінің бұзылуымен де, оның жалпы құрылымының өзгеруімен де байланысты. Ал аурудың пайда болуының басты себебі – йод тапшылығы. Халықаралық профилактикалық медицина қауымдастығының мүшесі, фармацевт, нутрициолог Айгерім Мұқатаева тапшылықты болдырмау үшін құрамында йод бар тағамды тұтыну жеткіліксіз екенін айтады. Алдымен "екінші ми" – ішек микрофлорасын қалпына келтіру қажет. Сонда ғана ағза өзіне керек қоректік заттарды алып отырады.
Мұнымен қатар маман ұйқысыздық, шаштың түсуі және адам жасын ұзартатын жерортатеңіздік диета туралы әңгімеледі.
– Ғалымдар ішекті мимен теңестіреді. Аурулардың осы ағзадан бастау алатыны рас па?
– Адамдардан ең маңызды ағза туралы сұраған кезде "ми" деп жауап береді. Расымен де, ми тыныс алу мен жүрек қағысынан бастап ойлау мен сезіну процестерінің ең негізгі қозғалтқышы. Ал екінші орында ішек тұрады. Ол көптеген нейрондық байланыс пен жасушадан тұратындықтан, оның өзіндік жүйке жүйесі бар. Ішек миға vagus жүйке жүйесі арқылы тікелей әсер етіп отырады.
Ғалымдардың зерттеуінше, әртүрлі белгінің басым бөлігі төменнен жоғарыға, яғни ішектен миға беріліп отырады. Сол себепті қазір депрессия мен өзге де психологиялық ауруларын емдеу үшін vagus жүйке жүйесімен қатар жұмыс істейді.
Ішекпен келесілердің тікелей байланысы бар:
- мазасыздану;
- аутизм;
- нейродегенеративті аурулар;
- тері проблемалары;
- салмақ проблемалары;
- иммунитет және ЖРВИ.
Ішектегі бактериялардың бірі тәтті тағамдармен қоректенсе, енді екіншілері майлы тағамдарды жақсы көреді. Жеген тамағымызға қарай ішектегі белгілі бір бактериялар түрі көбейіп, күн сайын саны артады. Осының салдарынан адам әртүрлі ауруға шалдығады. Осы тұста ескеретіні – дәрі-дәрмектен гөрі, дұрыс тамақтану, кей тағамнан бас тарту жақсырақ көмектеседі.
– Тағы бір аса маңызды ағзалардың бірі – қалқанша безі. Метаболизм бұзылып, қалқанша безі ауырса, не істеуге болады?
– Салдары біреу болғанымен, әр аурудың себебі әртүрлі. Сондықтан қалқанша безі қызметінің неге бұзылғанын анықтап, дәл себебімен жұмыс істеу қажет. Мұны қажет анализдер тапсырудан бастаймыз. Қалқанша безі өзіне қажет қоректік заттарды ішектен алатындықтан, оған да назар аударуды ұмытпаймыз.
Келесілерге базалық көмектер деп қараңыздар:
- Селен. Қалқанша безі – бір грамм ұлпасында селен мөлшері бәрінен көп болатын ағза. Қалқанша безі гормонының қалыпты жұмыс істеуі үшін кішкене ғана селеннің өзі жеткілікті. Сондай-ақ керісінше селен мөлшері қатты азайып кетсе, метаболизм де бұзылады. Селен жақсылап қорытылуы үшін қант пен жартылай өңделген тағамдардан түбегейлі бас тарту қажет.
- Йод жетіспеушілігі гипотиреоз бен алқымның ісуіне (зоб – ред. түсіндірмесі) алып келеді және адамның интеллектуалдық қабілеті нашарлайды.
Оқи отырыңыз: Италия биотехнологы: Косметика өндіріп бастауыма баламның тері ауруы себеп болды
- Темір жетіспеушілігі қалқанша безі қызметін бұзады, сондай-ақ керісінше қалқанша қызметі бұзылса, ағзада темір мөлшері азаяды.
- Д дәрумені – иммунитеттің және барлық эндокринді бездің жақсы жұмыс істеуіне атсалысады. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі аутоиммундық тиреоидқа алып келеді. Қазір ағзадағы осы дәруменнің мөлшерін анықтамай жатып гормон тағайындайтынын байқап жүрмін. Мұнымен қатар қалқанша безі қызметінің бұзылуы ұйқысыздықпен де байланысты.
– Ұйқыны дұрыстау үшін қандай себептермен жұмыс істейміз?
– Халықаралық зерттеулер ұйқысыздық пен адам жасының ұзақтығы арасында тікелей байланыс бар екенін дәлелдеді. Тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың өлім қаупі 7-9 сағат ұйықтайтындарға қарағанда 13% жоғары. Бұдан шығатын қорытынды: сапалы ұйқы = сапалы өмір.
Адам ұйықтап жатқанда ағза демалады және жаңарады. Қажетсіз заттар ағзадан сыртқа шығарылады. Ал ұйқысыздықтың себебіне келетін болсам, басты алтауын атай аламын:
- Созылмалы күйзеліс. Адам күйзеліске түскен кезде кортизол деңгейі құбылады. Қалыптан тыс кешке жоғары болып, таңертең төмендейді.
- Гормондық дисбаланс.
- Нейромедиаторлар синтезі дұрыс болмаса, циркадты ырғақ бұзылады.
- Гипо- және гипертиреоз. Гипертиреоз кезінде түнде тахикардия болады.
- Менопауза. Менопауза кезінде эстрогендер деңгейі төмендейтіндіктен, әйелдердің 25-54 пайызында ұйқы бұзылады.
- Қоректік заттардың жетіспеушілігі, мысалы – триптофан, D3, В (В3, В5, В6, В9, В12) тобындағы дәрумендер, минералдар (магний, кальций, цинк, темір).
- Стимуляторлардың көп болуы. Кофеин (кофе, энергетиктер, какао), ащы тағам, алкоголь, никотин мелатонин бөлуді азайтып, миды қоздырады.
- Түнгі гипогликемия (түнде қан құрамында глюкозаның төмен болуы).
- Адамның жасы. Уақыт өте келе мелатонин бөлетін темір – эпифиз қызметі нашарлайды.
Оқи отырыңыз: Маусымдық аллергия мен астмадан қалай арылуға болады? Аллергологпен сұхбат
– Адам жасын ұзартуға көмектесетін диета қайсы?
– Бұл, әрине, баланспен тамақтану. Негізінен:
- тері, ми және ағзаның барлық жасушасын түзетін омега-3 майлы қышқылдарының болуы;
- дене мүсінінің сымбатты болуы, денеден жағымсыз иістің шықпауы және терінің нәзік болуы үшін йод қажет;
- С дәрумені жоқ тағамдар тұтынатын және өңделген ет жейтіндер үшін ақуыз, балық, теңіз тағамдарының көп болуы;
- иммундық жүйенің мықты болуы және барлық дәруменнің ағзаға сіңуі үшін D дәрумені;
- тіс пен сүйек мықты болуы үшін кальций қажет.
Италия мамандарының зерттеуінше, жерортатеңіздік диета жастық шақты ұзарта түседі. Ол сондай-ақ адамның ойлау және анализ жасау қабілетін жақсартады. Әсіресе, кәрілік деменция кезінде өте пайдалы.
Жерортатеңіздік диетаға келесілер кіреді:
- зәйтүн, зәйтүн майы;
- майлы балық;
- теңіз өнімдері;
- қызыл ет көлемін азайту;
- көкөніс, жеміс және көк шөптің көп болуы;
- жаңғақ бен атбас бұршақтар;
- дәнді дақылдар.
– Қыз-келіншектерді алаңдататын тағы бір мәселе – ағзаның ісінуі. Ол немен байланысты және дұрыс тамақтану арқылы қалай емдейміз?
– Бұл ең бірінші кезекте ағзада ақуыздың аз болуымен байланысты. Жарақат алғанда немесе теріні күйдірген кезде адам ақуыз жоғалтады. Қарапайым сөзбен айтар болсақ, ағза ұлпаларына қарағанда қанда ақуыз мөлшері көп. Егер адам ақуызды аз тұтынатын болса, онда ағзасы ақуызды қаннан алуға мәжбүр болады. Уақыт өте келе қандағы ақуыз көлемі азаяды. Қан тамырларындағы сұйықтық ағзаға өтіп, адамның денесінде су жиналады.
Екінші себеп – суды аз ішу немесе ішкен суда минералды тұздардың аз болуы. Дәл жоғарыда айтқанымдай, ұлпаларда қанға қарағанда минерал аз болады. Осылайша қан тамырларындағы сұйықтық жасушаларға өтіп, денеде ісік пайда болады.
Үшінші себеп – тез қорытылатын көмірсулардың көп болуы. Мұнда ісінудің бірнеше механизмі бар:
- қандағы қант көп болғанда тері астына қарай ағылады, кейін осыдан ісік пайда болады;
- глюкоза мөлшерінің жоғары болуы және мөлшерінің үнемі өзгеріске ұшырауы бүйрек тамырларын зақымдайды. Осыдан бүйрек қызметі бұзылып, адам ағзасындағы су сыртқа шықпай қалады;
- әр жеген "тәттіден" кейін инсулин гормонының мөлшері өзгеріп, су ағзада тұрақтап қалады;
- қан жүйесімен байланысты ісіктер;
- дәрумендер, негізінен С дәруменінің жетіспеушілігі. С дәрумені бүйрек, бүйрек үсті безі және жүрек жұмысы үшін қажет. Осылар дұрыс жұмыс істесе және гормон қажет деңгейде бөлінсе, сұйықтық жасушадан бүйрекке еркін өтіп, сыртқа зәр арқылы шығып кетеді.
- гормондық ісіктер. Қалқанша безінің патологиясы, бүйрек үсті безі, жыныстық гормондардың жетіспеушілігі, анаболикалық стероидтарды ішу және т.б.
– Шаштың түсуін де қалқанша безімен байланыстырып жатады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
– Расымен де қазір ішкі себепті зерттеместен, шашты әртүрлі жақпа май, инъекция және сусабындармен емдеуге тырысып жатады. Нағыз себепті анықтамайынша, бұлардың ешқайсысы көмектеспейді. Шаштың жаппай түсуіне әкелетін өзара байланысы бар процестерге тоқталайын. Адам зиян диета ұстап, тәтті, шұжық секілді ешқандай дәрумені жоқ тағамдарды тұтынған кезде анемияға шалдығады. Яғни ағзаға темір, мырыш, марганец қажет мөлшерде келіп түспейді. Нәтижесінде шаш сирей бастайды. Сондай-ақ ас қорыту жүйесіндегі қиындықтарға байланысты микроэлементтер қорытылмауы мүмкін. Микрофлора дұрыс болмаған жағдайда пайдалы ас ағзаға сіңбейді. Тіпті БАД ішкеннің өзінде, ол қорытылмауы мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте ішектің микрофлорасын қалпына келтіріп бастаймыз.
Гипоацидтілік – шаш түсу проблемасының "тамыры". Бұл – асқазанның тұзды қышқылды аз бөлетінін сипаттайтын ауру. Тұзды қышқыл бізге тағамдағы зиянкестермен күресуге және ақуыздарды қорытуға керек. Күйзеліске түсіп, дұрыс тамақтанбаған кезде асқазандағы тұзды қышқыл аз бөлінеді. Осының себебінен асқазанда қалып қойған тағамдар шіріп, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Іш қатады немесе керісінше өтеді. Анемия мен авитаминоз пайда болады. Шаш түсуінің негізгі себебі осы. Ауруды ішінен емдемесеңіз, қымбат сусабындар көмектеспейді. Сондай-ақ, D дәруменінің жетіпсеушілігі туралы да ұмытпауымыз керек. Бұл да шаш түсуінің ең басты себептерінің бірі.
Оқи отырыңыз: Көктемде қалай арықтап, дұрыс тамақтану керек? Нутрицолог кеңестері
– Ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қандай детокс сулар ұсынасыз?
– Ең пайдалы деген түрлері:
- лимон, грейпфрут, қияр және жалбыз;
- лимон мен зімбір;
- көкжидек пен апельсин;
- лимон мен жалбыз;
- қарбыз бен жалбыз;
- ананас, бір қант қамысы;
- таңқурай, жалбыз, лайм;
- лимон, көк алма, даршын;
- құлпынай, лимон, таңқурай, жалбыз;
- қияр, лимон, грейпфрут;
- құлпынай, киви, қияр;
- құлпынай, қарбыз, розмарин;
- құлпынай, лайм, қияр, жалбыз;
- шабдалы, тимьян;
- апельсин, зімбір, көкжидек.
– Соңғы уақытта сүт пен жұмыртқаның қалқанша безі қызметіне зияны туралы жиі айтылып жүр. Сүтті қалай дұрыс таңдаймыз?
– Дүкен сөрелерінде тұратын көптеген сүт түрі қалқанша безін ғана емес, басқа да ағзаларды зақымдайды. Пайдасынан зияны көбірек. Дегенмен ішінен келесі кеңестерді ескеріп, пайдаласын таңдауға болады.
Негізінен сүттің құрамындағы зиянды заттар:
- қант, мальтодекстрин, фруктоза – зат алмасу процесі бұзылады;
- Е340,341 – синтетикалық консервант, көп болса, диареяға шалдықтырады;
- Е435 – синтетикалық эмульгатор, экостандарттарға сай келмейді;
- Е471 – пальма майы деп жалған көрсетілуі мүмкін;
- иістендіргіштер – зат алмасуды тежейді;
- өсімдік майлары – рафинадталғандары – транс-майлар;
- дәруменді премикстер – көбінесе сапасы төмен болады;
- соя ұны, бұршақ, ақуыз – сояны аутоиммундық аурулары бар адамдарға тұтынбаған жөн, гормондық балансқа кері әсері бар екені дәлелденген.
Келесілер пайдалы немесе зияны жоқ (табиғи қоюландырғыштар):
- Е407 – каррагинан, Қызыл теңіз балдырынан жасалған полисахарид;
- Е410 – қарағай тұқымының сағызы;
- Е412 – гуар сағызы;
Е415 – ксантан сағызы.
Яғни біз кез келген тағамнан бас тартпай, оның пайдалысын таңдай аламыз.