Тікелей эфир

Павлодарлық фермерлер күзде малын арзан бағамен жаппай сатуға мәжбүр

Себеп – жем-шөптің жоқтығынан малды қыстан аман алып шығу қиын.

Павлодар облысында айылымдық жерлер мен шабындық алқапта шауып алар шөп жоқ. Сондықтан жергілікті шаруалар қыстан аман шығу үшін мал басын азайтуға мәжбүр болмақ. Өйткені, күзде түлік семірмесе, қаңтардың қытымыр аязынан аман шығуы екіталай, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Базар бағасы бүгінде халықтың қалтасына ауыр соғып тұр. Сиыр етінің 1 келісі 2300-2500 теңгеден болса, жылқы еті 2800-3000 теңгенің аралығында саудаланады. Құс еті 1040-1090 теңге арасында. Ал әлеуметтік дүкендердегі баға сәл төмен:

  • сиыр еті – 1 800 – 1 900 теңге;
  • жылқы еті – 2 300 – 2 500 теңге;
  • тауық еті – 800 – 900 теңге.

Оқи отырыңыз: "Тіске басуға да тұрмайтын ет". Тұрақтандыру қорларының жұмысындағы түйткілдер


Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары