Covid-19 жұқтырғандар саны 297 839-ға, коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны 52 148-ге жетті.
Қазақстанда бір тәулікте 2 893 адамнан коронавирустық инфекция анықталып, пандемия кезіндегі ең үлкен көрсеткіш тіркелді. Осыған дейінгі рекорд 9 сәуірде (2 842 жағдай) тіркелген болатын.
Бір тәуліктегі Сovid-19 статистикасы:
- Жұқтырғандар – 2 893.
- Сауығып шыққандар – 2 373.
- Қайтыс болғандар – 24.
Өңірлер бойынша Сovid-19 жұқтырғандар саны:
- Алматы қаласы – 695;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 574;
- Алматы облысы – 240;
- Қарағанды облысы – 225;
- Батыс Қазақстан облысы – 185;
- Атырау облысы – 140;
- Ақтөбе облысы – 117;
- Шымкент қаласы – 112;
- Маңғыстау облысы – 108;
- Ақмола облысы – 97;
- Шығыс Қазақстан облысы – 93;
- Қызылорда облысы – 72;
- Жамбыл облысы – 69;
- Павлодар облысы – 55;
- Түркістан облысы – 51;
- Қостанай облысы – 33;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 27.
Сovid-19 бойынша жалпы статистика:
- Жұқтырғандар – 297 839.
- Сауыққандар – 254 791.
- Қайтыс болғандар – 3 483.
Коронавирустық пневмония бойынша бір тәуліктегі статистика:
- Ауырғандар – 123.
- Сауыққандар – 74.
- Қайтыс болғандар – 4.
1 тамыздан бастап коронавирустық пневмония бойынша статистика:
- Ауырғандар – 52 148.
- Сауыққандар – 50 931.
- Қайтыс болғандар – 761.
Емделіп жатқандар – 39 859 науқас (39 385 КВИ+ және 474 КВИ-):
- ауыр жағдайда – 679;
- өте ауыр жағдайда – 181;
- ӨЖЖ аппаратында жатқандар – 100.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмониямен ауырғандарды 1 тамыздан бастап есепке алады, бірақ Covid-19 статистикасына енбейді.