Тікелей эфир

Нұрлан Сауранбаев "Қазақстан темір жолының" басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ол 2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған.

2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болса, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары