Жаңа жылдан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, ипотека өтеу немесе емделу ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Үлкен әлеуметтік жауапкершілікті, халықтың үміті мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының маңыздылығын ескере отырып, "Отбасы Банк" АҚ уәкілетті оператор ретінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу, зейнетақы төлемдерін қабылдауға қатысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайтынын хабарлады.
"Отбасы Банк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов тұрғын үй сатып алу кезінде зейнетақы қаражатын қалай пайдалану қажеттігі, сондай-ақ қаржы институтын цифрландыру үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы айтып өтті.
– Нұрлан, осы қаражатты мақсатты пайдалану қалай қамтамасыз етілетінін айтып өтсеңіз?
– Жаңа жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жақсартудың жаңа – бұл БЖЗҚ қаражатын пайдалану тетігі енгізіледі. Біздің банк осы операцияны жүзеге асыратын уәкілетті оператор ретінде қарастырылады, яғни біз зейнетақы жинақтарын алу мәселесін реттейтін боламыз. Бірақ бұл "Отбасы Банк" жалғыз несие беруші болады дегенді білдірмейді. Қажетті – жеткілікті шектен жоғары қаражаты бар азамат оны кез келген банктен несие алу арқылы өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға қолдана алады.
– "Отбасы Банк" арқылы БЖЗҚ-дан алынған қаражатқа тұрғын үй сатып алу амалы қалай жүзеге асады?
– Бұл қаражатты қандай мақсаттарда пайдалануға болатынын еске сала кеткен жөн. Олар – пәтер, үй сатып алу. Бұл қаражатты кез келген банкте алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады. Сіз бұл ақшаны аласыз, банк сізге жетіспейтін несие сомасын береді, содан кейін сіз үй сатып аласыз. Адамдардың белгілі бір тобы, мысалы пәтерлері де және несиелері де барлар көп деп ойлаймын. Мұндай жағдайда сіз сол бар ипотеканы ішінара немесе толығымен өтей аласыз. Сонымен бірге бұл қаражатты емделу үшін де пайдалануға болады.
– Уәкілетті оператордың рөлі неде?
– Еліміз бойынша Қордағы қаражаты жеткіліктілік шегінен асатын 700 мың қазақстандық бар. Бұл қомақты сан – екі Павлодар қаласының халқымен тең. Бірақ, біз жаңа жылдың алғашқы күндерінде-ақ адамдар біздің банкке келіп, кассаларды басып алады деп ойламаймыз. Қазір арнайы портал құрылып жатыр, қаңтар айында ол өз жұмысын бастайды. БЖЗҚ сайтында немесе электрондық үкімет порталында алуға рұқсат етілген сома көлемін білуге болады. Бізге өтініш жолдайды. Мақсатын анықтағаннан кейін пайдаланушы қолданғысы келетін соманы көрсетіп, бірқатар құжаттарды порталға жүктеуі қажет. Бұл тізім әр мақсатқа бейімделетін болады. Пайдаланушы БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан қаражат шығаруға өтініш жібергеннен кейін, "Отбасы Банк" АҚ құжаттардың дұрыстығын және олардың белгіленген мақсатқа сәйкестігін тексереді. Өтінім қаралып, мақұлданған жағдайда БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдері аударылатын ағымдағы шот онлайн ашылады. Шотқа түскен қаражат өтінімде көрсетілген деректемелерге сәйкес аударылатын болады. Біз бұл процесті онлайн режимде, клиенттеріміз үшін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасағымыз келеді.
– Неліктен бұл жұмыстың онлайн іске асқаны маңызды?
– Бұл заман талабы. Сонымен қатар, мұндай үлкен ағынды – 700 мың адамды оффлайн режимде өткізу шындыққа жанаспайды, бұл кезде барлық басқа операцияларды екі айға жаба тұруға тура келеді. Адамдар бұл мәселені саналы түрде түсінеді деп сенемін.
– Зейнетақы қаражатына тұрғын үй сатып алушылар үшін банктен қандай да бір жеңілдіктер бола ма?
– Азаматтардың белгілі бір топтары үшін Жеке табыс салығын төлеу кезінде жеңілдіктер бар.
– "Отбасы Банк" АҚ-ның цифрлық қызметтер енгізуінің тиімділігін қалай өлшеуге болады? Қайтарымы бар ма?
– Қайтарым, сөзсіз, бар. Біз, бүкіл Қазақстан сияқты, сәуір айында да пандемия жағдайында жұмыс істеуді жалғастыру қажеттілігіне тап болдық. Біз кеңселердегі қызметкерлер санына шектеулер қойдық және көптеген функциялар бірінші күннен бастап қашықтан жұмыс істеуге кеткен және әлі де оралмаған байланыс орталығына берілді. Консультациялық қызметтер осы форматта жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, дәл сол алғашқы күндерден бастап біз клиент бұрын кеңседе алған қызметтерді қашықтықтан алуға болатынын қамтамасыз ету үшін жұмыс істей бастадық. Қашықтан депозит ашу қызметі мамыр айында-ақ іске қосылды.
Біздің банкте, өздеріңіз білетіндей, жеңілдетілген несие алуға жол – қаражат жинақтаудан басталады және бұл алғашқы қадамды енді бейнебанкинг көмегімен жасауға болады. Барлығы өте қарапайым: біздің сайттың клиенті біздің бейнеоператорға қоңырау шалады және биометрия арқылы сәйкестендіруден өтеді. Содан кейін ол сертификатын көрсетеді және осылайша депозит аша алады. Карантин кезінде бұл қызмет өте танымал болды. Осы уақыт аралығында 77 мың депозит ашылды және бұл біздің осы жылы ашқан депозиттердің жалпы санының 20 пайызына тең.
Қыркүйек айында біз клиенттің өз бетінше байланыс орталығының қызметіне жүгінбей-ақ, мобильді қосымша арқылы депозит ашуына болатын қызметті іске қостық. Бұл қызмет үлкен танымалдыққа ие болды және іске қосылған уақыттан бері біз жарнамасыз шамамен 8 мың депозит аштық. Егер цифрландырудың әсерін бағалайтын болсақ, бұл кезек күту уақытының қысқаруы, банк бөлімшесіне келуді қалайтын клиенттер санының азаюы және депозит ашуға кететін шығындардың азаюы. Бюджетті үнемдеу жағдайында өзекті болып табылатын штатты кеңейтудің қажеті жоқ деп айта аламыз. Әрбір қиындық аяқталғаннан кейін арғы жағында жақсылық бар.
Енді біз келесі қадам – онлайн режимде несие алу бойынша жұмыс істеудеміз. Келешек міндеті – бүкіл процесті осындай жұмыс режиміне ауыстыру.
– Цифрландыру жаңа бағдарламалық жасақтаманы пайдалануды талап етеді. Осы бағытта отандық әзірлемелер бар ма?
– Тұлғаны биометриялық сәйкестендірумен байланысты процесс – Ұлттық банктің "еншілесі", ҚБЕО қызметі. Қолданбаларға қатысты барлық нәрсені қазақстандық қызмет көрсетушілер жүзеге асырады. Қазір бұл бағыттың таңдалымы үлкен, бірақ барлығы мемлекеттік сатып алу арқылы шешіледі.
– Банкке хакерлік шабуылдар әрекеті болды ма? Ол киберқауіп тұрғысынан қаншалықты қорғалған?
– Мен банкте үш жыл жұмыс істеген уақыт ішінде мұндай шабуылдар болған жоқ. Мүмкін бұл біз нарыққа төлем карталарын ұсынбағанымызға байланысты шығар. Фишингтің негізгі түрлері соларға байланысты. Біз көрсететін барлық қызметтер қорғалған.
– Банкті одан әрі цифрландыру бойынша 2021 жылы қандай қадамдар жоспарлануда?
– Біз бейне-банкингті одан әрі дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз қызметтердің толық саласын онлайн режимінде ипотека алуға дейін дамытқымыз келеді. Бізде baspana.kz порталы бар, онда мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын барлық жаңа құрылыстар бар. Біз оны мемлекеттік бағдарламалар бойынша да, жеке құрылыс компаниялары бойынша да, барлық жаңа ғимараттарды қамту бойынша да дамытқымыз келеді. Бұдан басқа, біз өз үйін сатқысы келетіндердің барлығы сол жерде баспанасын сатуға қоя алатындай оның мүмкіндіктерін кеңеткіміз келеді. Оның үстіне бұл тегін.
– krisha.kz сияқты бола ма?
– Солай айтуға да болады. Бұл хабарландырулар агрегаторы деп аталады. Біз порталдың өзін әрі қарай дамытқымыз келеді. Ресейлік портал – domclick.ru да бар. Біз клиентке өзге порталдарда жоқ несие алу процестерінің барлығын онлайн өтуге мүмкіндік жасағымыз келеді.
– Қалай ойлайсыз, зейнетақы қаражатын пайдалануға асыққан жөн бе?
– Егер мен зейнетақы жинағымды пәтер алуға жұмсасам, онда араға уақыт салар едім. Біз бұл жерде қаңтар-ақпан айларында болатын ықтимал дүрлікпе туралы айтып отырмыз және мен бұл мәселемен әдетте үйдің бағасы төмендейтін жаз мезгілінде айналысқан болар едім. Бірақ, әркімнің, әрине, өз шешімі бар.