Мерекелік шара басталар алдында

Бейбітшілік және келісім сарайына ілінген баннер / Сурет informburo.kz
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Алаңға Әзірет Сұлтан мешіті жағынан кіргізді / Сурет informburo.kz
Қауіпсіздік тәртібі күшейтілген. Алаң арнайы темір шарбақпен қоршалған.

"103" жедел жәрдем қызметі де дайын / Сурет informburo.kz
Біз алаңға А.Байтұрсынұлы жақтағы арнайы дайындалған тексеру бекетінен өттік.

Таңмен бірге сауда да қызып жатыр / Сурет informburo.kz
Күн +1С⁰ . Салқын. Әрі самал соғып тұр.

Ыстық шай ішіп жылынып отырған ана / Сурет informburo.kz
Берекенің қаймағы бұзылмасын
Алаңда үлкен сахна орнатылып, қанаттас этно орталықтардың ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Қазақша киінген жастар / Сурет informburo.kz

Орыс ұлты өкілдері ән шырқап тұр / Сурет informburo.kz

Ұлттық киім жарасып-ақ тұр / Сурет informburo.kz

Ұлттық киім киген дүнген әйел / Сурет informburo.kz

Өзбек қызы дастарқанға ұлттық тағамдарын қойып жатыр / Сурет informburo.kz

"Бізді де суретке түсіріңіз" дейді күн күлкілі қыздар / Сурет informburo.kz

Өзбектің ұлттық аспабы дутар шертіп отырған қыз / Сурет informburo.kz

Әр ұлт өкілдері дастарқанға жиналды / Сурет informburo.kz

Қонақтарға нан ұсынған орыс қызы / Сурет informburo.kz

Қырғыз ағайындар жайған дастархан / Сурет informburo.kz

Ұлттық киім киген өзбек ағайындар / Сурет informburo.kz

Еврейлердің белгісі салынған мойынорағыш ораған ақсақал мүйізден жасалған керней тартып тұр / Сурет informburo.kz

Кәріс ағайындар да жүр / Сурет informburo.kz

Бұл суреттен бір ұлттың төрт түрлі киімін көрдік / Сурет informburo.kz

Өзбек қызы. "Адам көркі шүберек" деген осы / Сурет informburo.kz

Ұйғыр туысқандардың "Кесе биі" / Сурет informburo.kz

Кесені тас төбеде қозғалтпай ұстау да – өнер / Сурет informburo.kz
Елбасын күтіп тұрмыз

Ұлттық киім киген балалар / Сурет informburo.kz

Украин ұлттық киімін киген қыздар / Сурет informburo.kz

"Ұялы телефонмен мерекелік құттықтау жолдап жатырмын" дейді мына түрік жігіті / Сурет informburo.kz

Жастар қызу дайындықта / Сурет informburo.kz

Елбасын күтіп алуға бәрі дайын / Сурет informburo.kz

Тәжік ана қызымен келіпті / Сурет informburo.kz

Қап тауы халықтарынша киінген қыздар таныстарына қол бұлғайды / Сурет informburo.kz

Лезгинка бишілері / Сурет informburo.kz
Назарбаев келе жатыр

Елбасын бимен қарсы алды / Сурет informburo.kz

Назарбаев биші балаларға ықыласын білдірді / Сурет informburo.kz
Нан ұсынды, дәм татты

Назарбаев орыс диаспорасы жайған дастарқаннан ауыз тиді / Сурет informburo.kz
Назарбаев казак атаманының қолына жұмыртқа ұстатты да, өз қолындағы жұмыртқамен бір тық еткізіп, қабығын сындырды.

Пасха мерекесіне арнап боялған жұмыртқаны қолына алды / Сурет informburo.kz

Екінші жұмыртқаны алып казак атаманына берді / Сурет informburo.kz

Атаманның қолындағы жұмыртқаны өз қолындағысымен тық еткізді / Сурет informburo.kz

Елбасымен еріп жүрген Асқар Мамин мен Нұрлан Нығметуллин / Сурет informburo.kz

Қымызға ұқсас сусынды ұсынды / Сурет informburo.kz

Дәмін татып көрді / Сурет informburo.kz
Мерекелік концертті тамашалады.

Сахна алдына келіп театрланған биді тамашалады / Сурет informburo.kz

Театрланған би. Орыс бишілерінің өнері / Сурет informburo.kz

Театрланған биден бір көрініс. Лезгинка билеп жатыр / Сурет informburo.kz
Құттықтау сөз

Назарбаев халықты мерекемен құттықтады / Сурет informburo.kz
Нұрсұлтан Назарбаев:
– Құрметті отандастар бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз, осындай берекелі ел болып, бақытты, тыныш өмір сүруіміз берекенің арқасы, – деді. Ол кей елдерде дін аралық және этнос аралық соғыстар туындап, қан төгіліп жатқанын, сол себепті қашанда береке-бірліктің маңызды екенін, ел тыныш болмай бақытты қоғам құруға болмайтынын тілге тиек етті.

Мереке көрермендері / Сурет informburo.kz

Назарбаев сөз сөйлеп болған соң, Сүндет Байғожин, Зарина Алтынбековалардың Нұр-Сұлтан қаласына арнаған әнін тыңдады / Сурет informburo.kz
Осылай шығарып салдық

Елбасының көлігі / Сурет informburo.kz
Сахна сыртында

"Nur-Sultan" деп жазылған жазу / Сурет informburo.kz

Мерекеге келген бүлдіршін / Сурет informburo.kz

Жастар гір тасын көтеріп жарысып жатыр / Сурет informburo.kz

Палуандар белдесуінен / Сурет informburo.kz

Бөпесінің қоларбасынан велостпедіне де орын тапқан бала / Сурет informburo.kz

Мереке сәнін келтірген ұлттық киімдегі балалар / Сурет informburo.kz

Мерекелік шара осында өтіп жатыр / Сурет informburo.kz