Тікелей эфир

Жыл басынан бері Қазақстаннан кеткендер саны 56% азайды – статистика

2022 жылы Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған адамдардың саны 17,4 мың адамды құраса, шетелге 24,1 мың адам көшіп кеткен.

2018 жылмен салыстырсақ, көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, сыртқа 41,8 мың адам кеткен. Осы ретте көші-қон сальдосы – 29,1 мың адамнан 6,7 мыңға дейін азайған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

"2023 жылғы қаңтар-маусымда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елде тұруға ықтиярхат алғандар саны 13 652 адамды құрап, Қазақстанға келгендердің саны 87,3 пайыз өсті. Бірінші жартыжылдықта елден кеткендер саны 6 996 адам болса, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда ол 56,7% азайған. Нәтижесінде көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетті: 6 656 адам", – деп жазылған Telegram арнада.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 75,4% құрады.

ТМД елдерінен тұрақты тұруға көшкен 12,1 мың адамның ішінде Ресейден 6858 адам келген. Екінші орында Өзбекстан (3200), үшінші орында Түрікменстан (671). Ал кеткендердің көпшілігі Ресейге барғандар (4981).


Оқи отырыңыз: 2023 жылы қандас мәртебесін алған этникалық қазақтардың тең жартысы Өзбекстаннан келген


Биыл басқа елдерден 1,4 мың адам келсе, 1,7 мың адам шетелге кеткен. Мұнда негізінен Моңғолиядан (275), Қытайдан (265) және Түркиядан (163) көшіп келгендер.

Ұлттар бөлінісінде, қаңтар-маусым айларында елімізге қазақтар (4706) ең көп қоныс аударған, одан кейін орыстар (4622), өзбектер (593), қарақалпақтар (498) және украиндар (452).

Ал сыртқа көшіп кеткен ұлттардың ішінде ең көбі – орыстар (4249), немістер (924), қазақтар (516), украиндар (456) және татарлар (168).


Оқи отырыңыз: Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші 26,9 пайызға азайған.


 

Серіктестер жаңалықтары