Бірінші тоқсанда республика бойынша мектепке дейінгі білім саласының қызмет көлемі 150,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,5% көп, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Қызметтің басым бөлігі бюджет есебінен жасалды – 127,4 млрд теңге. Мұнымен қатар, халықтың 23,1 млрд теңгесіне және кәсіпкерліктердің 250,1 млн теңгесіне қызмет көрсетілді.
2021 жылдың осы кезеңінде қызмет көлемі 114,6 млрд теңгені құрады, көрсеткіш бір жылда 8,5% өскен.
Ең көп қызмет келесі өңірлерде көрсетілді:
- Түркістан облысы – 21,6 млрд теңге, 51,6% өскен;
- Алматы облысы – 15 млрд теңге, 41,6% өскен;
- Алматы қаласы – 13,7 млрд теңге, бір жылда 37,2% өскен.
Қызметтің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 3,6 млрд теңге — 29,3% көп.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мемлекет қолдауына ата-аналар таңдаған балабақшалар ие болады
Қызметтің 58,3 пайызын 87,9 млрд теңгеге мемлекеттік кәсіпкерліктер көрсетті. Бір жылда 25,3% өскен.
- жекеменшік кәсіпкерліктер қызметі – 62,4 млрд теңгені құрады, бір жылда 41,7% өскен;
- шетелдік кәсіпкерліктер – 382,6 млн теңгеге қызмет көрсетті, бір жылда 15,4% азайған.
Кәсіпкерліктің көлемі бойынша мектепке дейінгі тәрбие және білім беру жұмыстарының 93,1 пайызын шағын бизнес көрсетті: 140,3 млрд теңге, бір жылда 32,3% көбейген. Орташа кәсіпкерліктер 9,3 млрд теңге, ал ірі кәсіпкерліктер 1,1 млрд теңгеге қызмет көрсетті.
Оқи отырыңыз: Білім министрі жеке балабақшалар туралы: 25 балаға – күні бойы жалғыз тәрбиеші
2022 жылы мектепке дейінгі жастағы балаларға арнап 34 мың орынға арналған 322 балабақша ашылады. 5 ай ішінде 9,4 мың орынға арналған 130 балабақша ашылды.
Жыл соңына дейін 3-6 жастағы мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту 99,3 пайызды құрайды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің ресми сайты.