2024 жылғы 11 айда интернет-кеңістікте (жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар жəне əлеуметтік желілердің аккаунттары) 47 жалған қаржылық жобаның жолы кесілді. Оның ішінде "WhatsApp", "Telegram" жəне "Instagram" əлеуметтік желілерінде 292 чат пен аккаунт жабылған.
Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.
Оның сөзінше, жыл басныан бері "Кибернадзор" жүйесінің көмегімен қаржы пирамидасының белгілері бар 11,7 мың сайт бұғатталған
"Қаржы пирамидасының белгілері бар "Harmony Rider Technology (HRT)" жəне "JDL" компанияларының қызметіне қатысты Ақтөбе жəне Абай облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері қаржы пирамидасын құру жəне басқару фактісі бойынша аталған компаниялардың басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде (ҚК-нің 217-бабы). Қазіргі уақытта Қылмыстық-процестік кодекстің 8, 10, 24-баптары талаптарына сəйкес, істі дұрыс шешуге қажетті жəне мəн-жайларды жан-жақты, толық жəне объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда", – деп жауап берді Берік Асылов.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидаларын құру және басқару деректері бойынша 68 қылмыстық іс теркелді
Сондай-ақ, бас прокурор Қаржылық мониторинг агенттігі "Baiqa, piramida!" телеграм ботын іске қосқанын еске салды. Онда азаматтар компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексере алады. Ол іске қосылғалы бері 9 мыңнан астам өтінім қаралған.