Тікелей эфир

Жыл басынан бері 15 мыңға жуық жұмыскерге 3,3 млрд теңге жалақы төленбеген

Заң бұзушылықты мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтады.

Қазақстан азаматтарының 3,3 миллиард теңге жалақысы төленбеген, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 14,9 мың жұмыскерге 3,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды", – делінген хабарламада.

Берешегі бар кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Осылайша, 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2,6 млрд теңге төленді.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары