Тікелей эфир

Жүрек талмасынан дүние салған депутат Гүлмира Кәрімованың орнына үміткерлерді тіркеу басталды

Әзірге бір үміткер Сергей Мелехов тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Солтүстік Қазақстан облысынан кандидаттарды ұсыну туралы облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы жарияланды. 

"Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 1 кандидаттан құжаттар келіп түсті: Мелехов Сергей Владимирович. Кандидаттың ҚР Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңының талаптарына сәйкестігі анықталуда", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Гүлмира Кәрімова биыл 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланды. 27 қаңтарда ол 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылды. Кейін Астананың полиция департаменті Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 


Оқи отырыңыз: Уголовное дело возбудили по факту смерти депутата сената Гульмиры Каримовой


 

Серіктестер жаңалықтары