Астанада әйел адам қоғамдық бассейнге батқан баланы судан шығарып алды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді.
"Ол шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды. Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыс білдірді", – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол “Есіл” ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған.
Оқи отырыңыз: 3 жылда 2,5 мыңға жуық балаға қатысты жыныстық қылмыс жасалған. Қай өңірлер көш бастап тұр?