Қазақстанда Астана күніне арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.
Мүшәйраның жүлде қоры:
- Бас жүлде – 3,3 млн теңге;
- Бірінші орын – 2,2 млн теңге;
- Екі екінші орын – 1,1 млн теңге;
- Үш үшінші орын – 660 мың теңге;
- Бес ынталандыру сыйлығы – 330 мың теңге.
Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар қатыса алады. Үміткерлер шығармасын 2023 жылдың 15 маусымына дейін Астана қаласындағы "Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығына" өткізуге тиіс. Хатта автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы міндетті түрде көрсетілуі керек.
Оқи отырыңыз: Жүлде қоры – 8,3 млн теңге. Қыздар арасында Құранды жатқа оқу байқауы өтеді
Мүшәйра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі 30 маусым күні Астана қаласының "Жастар" театрында өтеді.
"Астананы жырлау – азаттықты жырлау, тарихымызды жырлау, ұлт болашағын жырлау, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер рухын жырлау деп білгеніміз жөн. Сондықтан да биылғы мүшәйраның тақырып аясы барынша кең. Жүлде қоры да өте қомақты. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрып отырған тарихи кезеңде ақындарды осы дүбірлі жыр бәйгесіне қатысуға шақырамыз", – деп жазылған хабарландыруда.