Зорлық-зомбылықпен күрес: "Қазақстан балалары" атты жаңа біртұтас бағдарлама қабылданады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама қабылдау туралы мәлімдеді.

"Жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмысынан шет қалып отыр. Оның үстіне, осы бағыттағы жұмыстар қазір әртүрлі құжатпен реттеледі. Бәрін шашыраңқы болып тұр. Соның бәрін бір жерге жинақтаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы білім мен тәрбиеге қатар көңіл бөлу қажет екенін айтты.

"Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек. Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы". Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары